Атырау, 20 сәуір 02:09
Таңертең ашық+8, күндіз +12
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 379.19  € 426.63  P 5.92

Спорт жаңалықтары

11 сәуір 00:00

ШАХМАТ


Атыраулық шахматшы қыз Азия чемпионы болды.

Шри-Ланкада балалар мен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтті. Турнирде атыраулық Диляра Ғабитова, Аят Аудуллаев және Зарина Нұрғалиева  бақ сынады. "Рапид" санаты бойынша  З.Нұрғалиева 7 партияда жеңіске жетіп, алтын медальды еншіледі.

Айта кетейік, өткен жылғы Азия чемпионатында Зарина "блиц" санаты бойынша да «алтынға» ие болған еді.


ФУТБОЛ

«Судоремонтник» стадионында 2005 ж.т. туған жасөспірімдер арасында футболдан «Көктемгі каникул» турнирі өткізілді.  Оған Атырау облысының бес командасы және Ақтөбеден келген бір команда қатысты.

Бірінші орынды «Атырау-2005», екінші орынды - «Ақтөбе», үшінші орынды - «Атырау-2006» командалары иеленді.

Төрешілер алқасы турнирдің үздік ойыншыларын атады: қақпашы – Арман Нұрғалиев («Ақтөбе»), қорғаушы – Диас Құсайынов («Атырау-2005»), жартылай қорғаушы – Райымбек Бақтығалиев («Атырау-2006») және шабуылшы – Исламбек Жакияев («Атырау-2005»).

*****


ЕРКІН КҮРЕС

Өскеменде жастар арасында еркін күрестен ел чемпионаты өтті, оған 400-ден аса спортшы қатысты.

Атыраулық Талғат Сырбаз 65 келіге дейінгі салмақта чемпион атанды.


* * * * *

Астраханда 2002-05 ж.т. жасөспірімдер арасында губернатордың ашық кубогі өткізілді.

Жерлестеріміз Димаш Жақсылық және Сүлеймен Ғазалиев жарыстың қола жүлдегерлері болды. Спортшыларымызды жаттықтырушы А.Лекеров дайындады.


АРМРЕСТЛИНГ

Талдықорғанда Азия чемпионатына іріктеуге арналған ел чемпионаты өтті.

Әйелдер арасында 40 жастан жоғары жас санатында  70 келіге дейін салмақта  Жанар Қанатова және 70 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Исатай ауданының спортшысы Алмагүл Қанатова күміс медальды жеңіп алды. Осы жас шамасындағы ерлер арасында 80 келіге дейінгі салмақ бойынша атыраулық Әділ Айтжаев қола жүлдегер атанды.


БОКС

№4 БЖСМ боксшылар командасы Түркістанда өткен халықаралық турнирде 4 алтын медальды қанжығаларына байлап, шебер өнер көрсетті.

Өз салмақ дәрежелері бойынша Марат Әнуарбек, Айбек Шомболов, Мұхаммед Ғарифоллаев және Аманжол Алмас жеңімпаз атанды. Балаларды  бапкер Ринат Басаров дайындады.

* * * * *

Атыраулық боксшы Аманат Сабырғали Анапа қаласында Н.Павлюков мемориалының күміс жүлдегері атағын жеңіп алды.

Ол ақтық мәреге дейін жетіп, Еуропаның 2 дүркін чемпионы, әлем чемпионы Алексей Дроновқа есе жіберіп алды.

* * * * *

Ақтауда халықаралық спорт шебері Т.Қилымовты еске алу құрметіне ұйымдастырылған республикалық ашық турнир өтті.

Атырау қаласының олимпиадалық резервтерді дайындау орталығының тәрбиеленушілері  жоғары шеберлік көрсетіп, турнирде медальдар жиынтығына ие болды. «Алтын» Бекзат Битимовтың (60 келіге дейінгі), "күміс"  Зайыр Бейбарыстың (54 келіге), "қола" - Бекзат Қонысбайдың (50 келіге дейінгі) еншісіне тиді.


ҮСТЕЛ ТЕННИСІ

Ақтөбеде мүгедектер арасында ҚР жастар чемпионаты болды. Турнирге Атыраудан ҚР Еңбегі сіңген жаттықтырушы Гүлнар Иманалиева бастаған 9 спортшы қатысты.

Алтын медальға Ерлан Қазиев, Насихан Махамбет, Әли Махұлбеков және Ұлжан Қаламғали, "күміске" Жұлдыз Ерубаева, Қыдырбек Нұрқожа және Кенжеғали Ақжол ие болды.


ДЗЮДО

Қызылордада  парадзюдо бойынша халықаралық турнир өткізілді. Атырау құрамасының қоржынында 2 алтын, 2 күміс, 3 қола.

"Алтынды" өз салмақ дәрежелерінде Дәулет Теміржан  және Ғалымжан Смағұл, "күмісті" - Әнуар Сариев және Темірболат Ташекенов, «қоланы» - Ерлан Өтепов, Абылай Әділбеков және Амандық Бақтығалиев жеңіп алды.

* * * * *

Уфада 2004-09 ж.т. қыздар арасында халықаралық турнир өтті. Атыраулық қыздарымыз Зере Өтепқали және Дамеля Асылханова "алтын", ал Әсел Русланова "қола" медальға ие болды.

Қыздарды жаттықтырушылар Б. Жұмабаев пен А.Сүлейменова дайындады.

КИКБОКСИНГ

Анталияда халықаралық "Turkish open” турнирі аяқталды.

Атырау облысының құрамасында 2 медаль: "алтын" Сәлімжан Сәлімгереевке және "күміс" - Жандос Назарбековке бұйырды.


БЕЛДЕСІП КҮРЕСУ

Кентау қаласында жасөспірімдер арасында ел чемпионаты өтті.

Атыраулық спортшылар Жаксығали Бекзат және Ерболат Дулат күміс медальды иеленсе, Ерсін Нұрмолдаев қола жүлдегер атанды.


КАРАТЭ

Көкшетауда  балалар, жасөспірімдер, қыздар және юниорлар арасында кекушинкай-кан каратэден ҚР кубогі болды.  

Федерацияның Атырау филиалы тәрбиеленушілері арасында Саян Мусағалиев, Маргарита Баландина, Алексей Юн, Елемес Нұржан және Карина Досимова жеңіс тұғырына көтерілді.


ГРЕК-РИМ КҮРЕСІ

Орынборда Ресейдің еңбегі сіңген жаттықтырушысы Е.Францевті еске алу құрметіне Бүкілресейлік турнир өткізілді.

Турнирде алтын медальді жаттықтырушы  М.Калбановтың шәкірті (1-БЖСМ) Береке Керемберды жеңіп алды.


САМБО

Семейде ел чемпионаты өтіп, онда алтын медальға Жұмабай Парасат, Айдынбай Қайырберді және Қалжан Тайжанов ие болды.

Олардың үшеуі де – жаттықтырушы К.Досқалиевтің тәрбиеленушілері (1-БЖСМ).


ОЛИМПИАДАЛАР

Аймақтық дене тәрбиесін дамыту орталығының бастамасымен  мектептердегі 11-сынып оқушыларының арасында алғашқы әскери дайындық бойынша «Сардар» облыстық олимпиадасы өтті.

Жарыс математика, физика, қазақ және орыс тілдері, Калашников автоматын бұзып, қайта жинақтау, сапқа тұру, кермеге тартылу, 100 және 3000 метрге жүгіру бойынша өткізілді.  

Жеке біріншілікте 1-ші орынды облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың оқушысы Дарын Биязов, 2-ші орынды – оның сыныптасы Абылайахмет Алпамысұлы, 3-ші орынды - Махамбет ауданы, Береке селосы мектебінің оқушысы Әлибі Мардан жеңіп алды. Олар сәуір айының аяғында Нұр-Сұлтанда өтетін республикалық олимпиадада Атырау облысы атынан қатысады.

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

715 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

1 2 3 4 5