Атырау, 25 қараша 02:44
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Құс еті өнімдерінен ішек таяқшасы табылды

3 522 просмотра

Көрнекі сурет

Наурызда Атырау облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті ет өнімдерінің сапасына тексеру жүргізді. Кейбір сатушылардың гигиеналық нормативтердің және техникалық регламенттердің талаптарын өрескел бұзғаны анықталды: еттен микробтар мен ішек таяқшаларының бактериялары табылған.

Бұл, атап айтқанда, «СПК Курников» ЖШҚ (12.12.2018 жылы және 13.12.2018 жылы өндірілген «Натуральный» деп аталатын тартылған құс еті, 15.11.2018 жылы өндірілген құс еті (филе), 23.11.2018 жылы өндірілген құс аяғы); «Ставропольский бройлер» ЖАҚ (балапан-бройлер қанаты, өндірілген уақыты 05.02.2019 ж.); «Инжавинская птицефабрика» АҚ (мұздатылған құс қанаты, өндірілген уақыты 30.11.2018 ж.) өнімдеріне қатысты.

- 7 сауда нысанынан талаптардың бұзылғаны анықталды. Сапаға сай емес өнімдер сатылымнан алынып, сатушыларға айыппұлдар салынды, - деп хабарлады Департаменттің баспасөз қызметі.

Дайындаған Фархат ӘБІЛОВ

Суретті түсірген автор

10 сәуір 2019, 11:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.