АҚШ президенті Дональд Трамп Қырғызстанның АҚШ пен Канададағы елшісі Болот Отунбаевпен кездесуінде Қырғызстанның Орталық Азия аймағындағы рөліне жоғары баға берген.
Трамптың сөзінше, "Демократия құндылықтарын тарату мәселесінде Қырғызстан Орталық Азияда жетекші рөл атқарады және Қырғызстан әлемдегі қауіпсіздік пен демократияны дамытуға үлес қоса алады".Бұл туралы Қырғызстан сыртқы істер министрлігі хабарлаған.
Трамптың сөзінше, Вашингтон екі ел арасындағы байланысты нығайту үшін жұмыс істеуге дайын. Қырғызстан да АҚШ-пен қатынасын нығайтуға мүдделі екенін білдірген.
Батыс елдері тарапынан Қырғызстанның саяси жүйесіне байланысты бұрын да бірнеше рет жоғары баға берілген. Халықаралық сарапшылар Қырғызстанды "Орталық Азиядағы демократия аралы" деп сипаттаған.
Дереккөз: Азаттық радиосы