Атырау, 28 қараша 08:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Израильдегі сайлау: экзит-полда ешкім басым түспеді

1 301 просмотра


Израиль телеарналары жариялаған экзит-полға қарағанда, 9 сәуірде өткен кнессет (парламент) сайлауында премьер-министр Биньямин Нетаньяху жетекшілік ететін биліктегі "Ликуд" партиясы мен бас штабтың бұрынғы басшысы Бени Ганцтың "Кахоль-Лаван" партиялық блогы арасындағы тартыс күшті.

12-арнаның экзит-полы бойынша, Ганцтың центристік блогы Нетаньяхудың партиясына қарағанда парламентте (37:33) көбірек орын алады. 13-арнаның болжамынша, кнессеттегі орындарды партиялар теңдей бөліседі (36:36). 11-арна Ганц блогына – 37, "Ликуд" партиясына 36 орын береді.

Нетаньяху да, "Кахоль-Лавандағы" центристер де өздерінің сайлауда жеңгенін мәлімдеді. Бірақ бірінші орын алған партия парламенттегі басым орынды иемденеді деген сөз емес. Парламент құрамына басқа партиялардың қанша дауыс алары да әсер етеді. 13-арнаның экзит-полына қарағанда, мандаттың көбін Нетаньяхудың жақтастары – оңшыл-центристер алады.

 Кнессеттегі 120 орынға 14 партияға таласып жатыр.

 Израильде сайлау учаскелері ендігі жабылған, қазір дауыстар саналып жатыр.

Нетаньяху Израиль үкімет 2009 жылдан бері басқарады. Жемқорлық айыбымен қылмыстық істе күдікке ілінгеніне қарамастан премьердің қолдаушысы көп. Нетаньяхуды АҚШ президенті Дональд Трамп қолдайды. Вашингтонның АҚШ елшілігін Иерусалимге көшіріп, Голан жоталарын Израиль жері деп тануы екі ел арасындағы серіктестіктің ең үлкен жетістігі саналады.

"Кахоль-Лаван" – бас штабтың бұрынғы басшысы Бени Ганц пен бұрын қаржы министрі болған журналист, драматург Яир Лапид екеуі басқаратын саяси альянс. Партия сайлауалды кампаниясы кезінде жемқорлыққа қарсы күресетінін жиі айтты.

Дереккөз: Азаттық радиосы

10 сәуір 2019, 08:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.