Атырау, 12 қаңтар 05:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 509.94
€ 593.88
₽ 6.43

Қызылордадағы апат: 4 сарбаздың денесіне генетикалық сараптама жасалып жатыр

1 511 рет қаралды


Қазақстанның әскери-әуе күштерінің қолбасшысы, авиация генерал-майоры Дәурен Қосанов апаттан көз жұмған 4 әскери қызметшінің денесі медициналық тексерістен өтіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Авиация генерал-майоры апаттан қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасына көңіл айтты.

"Әуе апатынан 13 жігітіміз қаза тапты. Олардың туған-туыстарына көңіл айтамын. Бұл – орны толмас ауыр қайғы", - деді Дәурен Қосанов.

Кейін ол тікұшақ апатының мән-жайына тоқталды.

"27 наурызда Астана уақытымен ағат 18:30-де Қазақстан қарулы күштеріне тиесілі 4 тікұшақ Ақтаудан Шымкент қаласына ұшып келе жатқан. Жалаңаш ауылының жанында бір тікұшақ апатқа ұшырады. Салдарынан 3 ұшқыш, 10 сарбасымыз қаза тапты. Қираған ұшақтың ішінде майор, екінші санаттағы ұшқыш Роман Казтулов болды", - деді авиация генерал-майоры.

Сонымен қатар Дәурен Қосанов апат болған күні арнайы комиссия құрылып, Қызылорда қаласына ұшып шыққанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бүгінде 4 сарбаздың денесіне медициналық сараптама жүргізіліп жатыр.

"Қазіргі таңда 9 әскери қызметшінің денесі туған жеріне жерленді. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында 4 әскери қызметшінің денесіне генетикалық сараптама жасалып жатыр. Кейін олардың денесі туған жеріне жіберіледі", - деп түйіндеді сөзін Дәурен Қосанов.

Дереккөз: sputniknews.kz


 

1 сәуір 2019, 14:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.