Атырау, 22 желтоқсан 13:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Тоқаев Атырау облысындағы газ және химия кешенінің құрылысын талқылады

1 957 рет қаралды


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Borealis" компаниясы басқармасының төрағасы Альфред Штернді қабылдады, - деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Borealis компаниясымен ынтымақтастық жасаудың маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанда ірі жобаларды жүзеге асырудың мәні зор екенін айтты.

"Мен өзара ықпалдастығымызға қатысты күн тәртібіндегі өзекті мәселе жөнінде, әсіресе, алдағы уақытта жүзеге асырылатын Атырау облысындағы газ және химия кешенінің құрылысы туралы Сізбен пікір алмасқым келеді", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Кездесу барысында Қазақстан Президентіне Borealis компаниясының еліміздегі негізгі жобалары мен олардың жүзеге асырылу перспективалары жөнінде баяндалды. Альфред Штерн өзара ықпалдастықтың жоғары деңгейін атап өтіп, Қазақстанда жұмыс істеуге мүмкіндік беріп, қолдау көрсеткені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты.

Дереккөз: akorda.kz

1 сәуір 2019, 14:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.