Атырау, 28 қараша 10:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Францияда наразылық шаралары қайта басталды

1 680 просмотра


Францияда «сары жейделілер» жиырмасыншы рет наразылық акциясын өткізді. Оuest-france мәліметінше, бұл жолы наразылық шерулеріне бүкіл ел аумағында 34 мың адам қатысқан. 

Парижде көшеге 5 мыңға жуық адам жиналды. Ірі қақтығыстар да осы шаһарда орын алып, 37 адам қамалды. Себебі олар шеру өткізуге тыйым салынған Елисей алаңына өтіп, полицейлерге тас пен шөлмек лақтырған. Тәртіпсіздікті тоқтату үшін тәртіп сақшылары көзді жасаурататын газ қолданып, су шашуға мәжбүр болген. Еске сала кетейік, 17 қарашадан бері Францияда жанармай акцизін көтеруге қарсылық акциялары өтіп жатыр. Кей аймақтарда шерудің соңы тәртіпсіздікке ұласып, бес жүзден астам адам ұсталды. Осы жағдайлардан кейін Франция президенті Эммануль Макрон мамырдан бастап барлық еңбек жалақысына кем дегенде 100 еуро қосылатындығына уәде берген.

Дерекккөз: qazaqtimes.com


1 сәуір 2019, 12:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.