Атырау, 12 қаңтар 05:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 509.94
€ 593.88
₽ 6.43

Су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төленеді

1 626 рет қаралды


Су тасқынына зардап шеккен халыққа міндетті түрде өтемақы төленеді. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облысында суды сору жұмыстары жүргізілуде. Онда екі үйді жер асты суы алып кеткен. Суды сорып тартып шығару жұмыстары аяқталғаннан кейін бағалау жұмыстары жүргізіледі. Қарағанды, Ақмола облыстарына келер болсақ, қызыл су егін даласын алып кеткен. Бұған қатысты да тиісті жұмыстар жүруде. Арнайы комиссия жұмыстары аяқталғаннан кейін жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қажеттілік туындаған жағдайда өтемақы төлейді», - дейді Юрий Ильин ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. Еске сала кетсек, Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ел өңірлеріндегі су тасқынына қатысты жағдайды баяндаған болатын. 

Дереккөз: inform.kz

1 сәуір 2019, 11:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.