Атырау, 23 қараша 22:57
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Соттың жеңіл қолымен

Бейнежазба
3 020 просмотра


№2 Атырау қалалық соты өткен жылғы тамызда Сәтпаев даңғылында «Atyrau Plaza» бизнес орталығының жанындағы жаяу жүргінші өткелінде үш қызды қағып кеткен 19 жастағы жүргізушіге үкім шығарды.

27 тамызға қараған түні кроссовермен сағатына 95 км жылдамдықпен келе жатқан Сұлтан СИҒУАТОВ жаяу жүргінші өткелінде Ақбота СҰЛТАНҒАЗИНАНЫ, Тоғжан МАНАБАЙ мен Альнура ПАТШАБЕКОВАНЫ қағып кетеді. Сұлтанғазина алған зақым салдарынан көз жұмды, ал Манабай мен Патшабекова ауыр жарақаттар алды. Іс ҚР ҚК 345-бабының 3-тармағы ("Адам өліміне әкеп соққан  көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы") бойынша тергелді.

Сот отырысында Сиғуатов кінәсін мойындау туралы мәміле жасауға келісім берді. Ол кінәлі деп танылып, 2 жыл 6 айға шартты түрде бас бостандығынан айырылу жазасын алды. Бұдан басқа, үкімге сәйкес, ол зардап шегуші Патшабековаға 4 млн 342 мың теңге және 1 млн теңге көлемінде моралдық зиян өтеуі тиіс. Ауыр жарақат алған Манабайға және қаза болған Сұлтанғазинаның туыстарына қандай өтемақы төленгені туралы үкімнің әлі заңды күшіне енбегеніне байланысты сот қызметкерлері ештеңе айта алмады.

Фархат ӘБІЛОВ 

1 наурыз 2019, 16:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.