Атырау, 25 қараша 07:09
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қайта өрлеу дәуіріндегі қазақстандық қамту

Сурет
3 210 просмотра


2015 жылы Қазақстан ресми түрде ДСҰ (Дүниежүзілік сауда ұйымы) құрамына кіріп, оның 162-ші мүшесі болды. Ал өтпелі кезең 2021 жылдың 1 қаңтарында аяқталады. Ұйымға толық мүше болғаннан кейін қазақстандық бизнестің жай-күйі және мұнай-газ секторындағы жергілікті қамтуға қатысты жағдай қандай болатындығын Атырауда тәжірибелі мамандар «ДСҰ құрамына кіргеннен кейінгі ҚР мұнай-газ саласы» форумында талқылады.

Ұлттық экономика министрлігінің өкілі өз сөзінде ДСҰ-ға кіру біздің ел үшін маңызды қадам екенін атап өтті: «Бұл тек жаңа мүмкіндіктер ғана емес, сонымен бірге, жаңа сын-тегеуріндер. Өтпелі кезең аясында отандық бизнес шетелден келетін тауарлармен, жұмыстармен және қызметтермен бәсекелесуге және экспорттау мүмкіндіктерін жүзеге асыруға дайын болуы керек».

«Атамекен» ҰКП-ның мұнай-газ операторларымен өзара ынтымақтастық жөніндегі өкілі Асылбек ЖӘКИЕВ көптеген отандық компаниялардың «Өтпелі кезеңнен кейін не болады? Қазақстандық бизнеске бұрынғыша қолдау көрсетіле ме? Жалпы жергілікті қамту деген ұғым қала ма?» деген сұрақтар қоятынын айтты.

- 2018 жылдың 2 қарашасында «Атамекен» «Kazenergy» компаниясымен бірлесіп, Стратегиялық серіктестікті дамыту кеңесін құрды. Мақсат – жергілікті қамтуды дамыту және ірі мұнай-газ компанияларымен өзара ынтымақтастық мәселелері бойынша бірыңғай алаң құру. Егер 2021 жылдан кейін үкімет ДСҰ ережелеріне сәйкес жергілікті қамтуды жоятын болса да, өз кәсіпкерлерін қолдау үшін ереже шығарған Батыс елдері салалық қауымдастықтарының мысалдары бар деп ойлаймын. Сондықтан біз Ұлттық палата ретінде әрі қарай да ұлттық бизнеске көмектесеміз», - деді Жәкиев.

Бұл сенімді түрде айтылғанмен, іс жүзінде өте күрделі мәселе. ДСҰ-ға мүше болуға байланысты Қазақстан 50-ден астам заңнамалық актілерге өзгертулер енгізді, соның ішінде 2015 жылғы 1 қаңтардан кейін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жасасу кезінде тауарлардағы «жергілікті қамту» талабын жойды. Ал осы күнге дейін жасалған келісімшарттар үшін шарттың бастапқы мерзімінің аяқталуына дейін немесе 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін өтпелі кезең қарастырылған. Алайда Қазақстан келісімшарттың кемінде 50% -ын қазақстандық қамту үлесі туралы талабын, сондай-ақ, тендерге қатысатын компаниялар үшін 20% «шартты жеңілдіктерді» сақтап қалды, мұнда қызметкерлердің кем дегенде жартысын қазақстандықтар құрайды. Бірақ тұрақты емес, 6 жылға ғана.

- ДСҰ-ға мүше болу біздің еліміз ортақ ойын ережелеріне қосылады дегенді білдіреді, соған сәйкес инвесторлар үшін ең бастысы - жалпы талаптарға сай тең жағдайда бәсекелесу мүмкіндігі, - дейді ҚР ҰЭМ жанындағы Сауда саясатын дамыту орталығы директорының орынбасары Әсия АШИГАЛИЕВА. - Бірақ бұл оңай емес. ДСҰ қағидалары келісімшарттар жасау кезінде жергілікті қамтудың бекітілген мөлшерін шығарады, бірақ келіссөздер барысында біз алдағы алты жылда жергілікті қамтудың жартылай көлемін қорғай алдық. Өздеріңіз білетіндей, келіссөздер өте ұзақ, 20 жылдай жүргізілді, біз соңына дейін өз ұстанымдарымызды қорғадық. Егер жергілікті қамту болмаса, біз ДСҰ-ға бұдан бұрын қосылар едік. Бірақ бұл Қазақстан үшін аса маңызды мәселе. Енді бұл 6 жыл – бізге қатарға қосылу үшін берілген артықшылық. Оның үстіне, шетелдік фирмаларға шетелден қызметтерді жалдау қиынға соғады; бұған шығындар кетеді, мамандар осында келуі тиіс, оларды бір жерге орналастыру керек. Ал егер мұның бәрі жергілікті жерде болса - бұл ыңғайлы. Тек белгілі бір талаптарға сай келу қажет.

Форум модераторы «Kazenergy» қауымдастығы төрағасының кеңесшісі Арман СӘТІМОВ ҚР мұнай-газ секторының  қазіргі кезеңін Қайта өрлеу дәуірі деп атады:

- Қазақстанда өндіріс тарихи деңгейге - 90,5 миллион тоннаға жетті. Мұнай бағасы геологиялық барлауға перспективалық инвестиция салу үшін, сондай-ақ, жобаларды дамыту үшін тұрақты, қызықты әрі жеткілікті. 13 жылдық үзілістен кейін, теңіз бөлігінде жандану байқалады. Компаниялар Қаламқас-теңіз, Ақтоты, Қайран, Жеңіс, Исатай және тағы басқа жаңа кен орындарының игерілетіні туралы мәлімдеп отыр. Бұл өте жақсы.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

Суреттерді түсірген автор

24 ақпан 2019, 15:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.