Атырау, 29 наурыз 09:52
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Спорт жаңалықтары

2 273 просмотра

ПАРАТАЭКВОНДО

Атыраулық паратаеквондошы Нұрлан Домбаев Анталияда өткен әлем чемпионатында алтыннан алқа тақты.

келіге дейін салмақта бұрыннан чемпион атағы бар  Нұрлан финалға оңай жетіп, Түркия құрамасының өкілін мерзімінен бұрын жеңіп шықты.

ФУТБОЛ

Мини-футболдан Құлсары қаласының командасы Бішкекте 2004 жылғы жасөспірім ұлдар арасында өткен ірі халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды.

Турнир Қырғызстан, Қазақстан және Өзбекстанның жас футболшыларын біріктірді. Құлсарылық жасөспірімдер барлық матчта жеңіске жетіп, алтын алқаларға қол жеткізді. Құлсарылық Әбдірахман Амандықов турнирдің үздік ойыншысы атанды.

Өткен жылы спорттық жетістіктер көп болды: «Ембімұнайгаз» АҚ-ның 95 жылдығына арналған турнирде алтын алқа, ҚР біріншілігінен қола алқа, «Ыстықкөл кубогынан» қола алқа алды. Команданы К.Мұсағалиев, М.Қадыржан мен К.Хамитовты жаттықтырады.

Ойыншылар мен бапкерлер Жылыой ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы С.Баймұратовқа, Құлсары қаласының БЖСМ директоры М.Жарылғасовқа және демеушілер - К.Құлғазиев, Ж.Қалаулиев, Б.Төлендиев, А.Ищанов, М.Өскенбаев, А.Тлепиевке алғыс білдіреді.

* * * * *

«Атырау» футбол командасы 30 жастағы словен Желько Филиппович пен 30 жастағы хорват Ивица Жуничпен толықты.

Филиппович кәсіби мансабын «Бонифика» клубында бастады, содан кейін «Олимпияяда», «Домжаледе» және «Коперде» ойнады. 2010 жылы Словения футболының «Марибор» футбол командасымен келісімшартқа қол қойды, осы командамен Еуропа Лигасына және Чемпиондар Лигасының топтық раундына қатысты. 2016 жылы бельгиялық «Мехеленге» ауысып, 2018 жылы белоруссиялық «Динамо-Бресттің» түсін қорғады.

Жунич Босниядағы «Электробосна» және «Томислав» клубтарында бастады, содан кейін 20 жасында Австрияға көшіп, «Матторсбург II» және «Аустрию II» үшін ойнады. 2012 жылы польшалық «Тыхы» командасымен келісімшартқа қол қойды, содан кейін ойыншының мансабында украиналық «Волынь» және «Черноморец» командалары болды.

ХОККЕЙ

Атырауда Мұз сарайында «Бейбарыс» командасы «Алматымен» екі матч өткізіп, екеуінде де жеңіске жетті.

Бірінші ойында айдын иелері екінші кезеңде екі шайба соқты, ал үшінші кезеңде командалар голдар алмасты. Қорытынды ұпай 3: 1.

Келесі күні «мәмлүктер» алматылық меймандарға ашық күйрете соққы беріп, оларға жауапсыз 6 шайба салды. Альберт Вишняков (екі рет), Константин Баранов, Владимир Бакика, Вадим Митряков және Евгений Чемерилов көзге түсті. 6 ұпаймен жеңіске жеткен «Бейбарыс» чемпионатта көшбасшылық ұстанымын нығайтты.

ЖҮГІРУ

Ресейдегі батыр қала Волгоградта Сталинград түбінде неміс-фашист әскерлерінің талқандалғанына 76-жыл толуына орай 72-ші Бүкілресейлік жеңіл атлетикалық жүгіру жарысы өтті.

Сайыстың ашылу салтанаты 62-ші армия атындағы Волга жағалауында өтті. Атыраудан жарысқа Мұнай және газ университетінің профессоры Асқар Қазиев және 2 курс студенті Елтай Бейбарыс қатысты. Екі спортшы да 5 шақырым қашықтыққа жүгіріп, жеңіл атлетика спортшыларының негізгі тобында мәреге жетті.

- Мен бұл жарысқа 21-рет қатысып отырмын. Жасым 58-де, ең жоғары жастағы қатысушы емеспін, мысалы, Ессентукиден қатысқан Алексей Павлович Дуватенко 89 жаста. Жүгіру сергітіп, қанат бітіреді. Әсіресе, осындай салтанатты жағдайда жүгірген кезде, - дейді А.Қазиев.

Сурет А.Қазиевтікі

КҮРЕС

2019 жылы ҚР Спартакиадасының 4 жылдық спорттық мерекесі өтеді. Шымкентте грек-рим күресі бойынша турнир жеңімпаздары анықталды.

82 келіге дейінгі салмақта Атырау облысынан қатысқан Мақсат Ережепов үздік атанды. Тайталасқан финалдық кездесуде қостанайлық Мирас Баршылықовты жеңді. Осылайша, Мақсат биылғы күзде Астанада өтетін әлем чемпионатына жолдама ұтып алды. Чемпионды Ербол Аралбаев жаттықтырады.

ТАЭКВОНДО

Анталияда кадеттер арасында таеквондодан «4th WT Taekwondo President’s Cup» атты халықаралық турнир өтті.

Атырау спортшылары екі алқа -  күміс (41 кг дейінгі салмақта Әмір Салиханов) және қола (33 кг дейінгі салмақта Серік Артур) жеңіп алды.

КӨПСАЙЫС

Индербор кентінде Жайық мұз айдынында колледж оқушылары арасында қысқы президенттік көпсайыс, биатлон және шаңғы жарысы бойынша облыстық сайыстар өткізілді.

Президенттік көпсайыста жас санаттары бойынша Қанат Қайроллаев, Виолетта Латипова, Ангелина Машталлер, Егор Симончев және Айжан Жұбандықова жеңімпаз болды.

Биатлон бойынша Райымбек Ақжігітов (политехникалық колледж) жарыс жеңімпазы атанды. Ол 3 шақырым қашықтықта шаңғы жарысында алға шықты.

13 ақпан 2019, 19:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.