Атырау, 21 желтоқсан 22:08
 ашықВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Спорт жаңалықтары

2 755 просмотра

ШАХМАТ


Павлодарда шахмат бойынша балалар мен жасөспірімдер арасында ел чемпионаты өтті. Оған Қазақстанның барлық өңірінен 600-ден астам зерделі ойын әуесқойлары, соның ішінде, әлемдік және азиялық біріншілік чемпиондары мен жүлдегерлері қатысты.

Атырау облысының мүддесін түрлі шахмат мектептері мен клубтарының 15 өкілі қорғады. Команда барлығы 6 алқа иеленді: 3 алтын, 2 күміс, 1 қола, алқа иелерінің барлығы №1 БЖСМ шәкірттері. 

Өз жас санатында Аят Абдоллаев («Классика» номинациясында, бір партияда – 90 минут), Диляра Ғабитова («Рапид» номинациясында, партияға 15 минут) мен Зарина Нұрғалиева («Рапид») алтын алқаға ие болды. Бұдан басқа, Зарина «классика» мен «блиц» номинациялары (партияға 3 минуттан) бойынша екі күміс алқаның иегері атанды. Қола алқа Зухра Сәрсенбінің еншісінде.

Өз шәкірттерінің табысына облыстың және №1 БЖСМ аға бапкері Сабырбай Ғайсин былай деп түсінік берді: «Шәкірттеріме сапалы теориялық және практикалық сабақтар өткізілді. Теоретик бапкер Жәнібек Аманов дебюттік «жаңалықтар» мен стратегиялық әзірлемелерге көп уақыт бөлді. Бұдан басқа, спортшылар Ғ.Айдаралиев атындағы облыстық шахмат федерациясы өткізген көптеген турнирде үлкен практикалық тәжірибе алды». 

Ата-аналар комитеті мен бапкерлер облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Р. Ибрагимовке шахмат спортына қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреді.

***


ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫС

АМУ-дің дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскери қолбасшысының кубогы үшін әскери қоян-қолтық ұрыс бойынша алғашқы ашық чемпионат өтті.

Оған Атырау, Ақтөбе және Ақтау гарнизондарының 9 командасының өкілдері қатысты. Атыраулық әскерилер арасында аға лейтенант Мерей Мұхатаев (65 кг дейін), кіші сержант Темірлан Байзулин (75 кг дейін) және аға лейтенант Азамат Бектенов (85 кг дейін) жеңімпаз атанды.

***


ФУТБОЛ

Облыстық футбол командасы тағы екі ойыншымен толықты, деп хабарлайды «Атырау» ФК баспасөз қызметі.

34 жастағы хорваттық шабуылдаушы Йосип Иванчич загребтік «Сесвет» футбол клубының шәкірті. Оның құрамында 2010 жылы кәсіби деңгейде дебют жасаған болатын. 18 ойын мен 4 доп соққаннан кейін «Задарға» ауысып, ол жерде негізгі ойыншы ретінде 3 жыл ойнады. Әрі қарай Иванчичтің мансабында «Риека», словениялық «Копер» клубтары болды. Олармен Иванчич Еуропа Лигасы квалификациясында өнер көрсетті. Тираспольдық «Шериф» құрамында Молдова чемпионы және осы елдің Суперкубогы иегері атанды. Әжептәуір ойын статистикасына ие футболшы бір маусымнан кейін клубын өзгертіп, 2017 жылы Израиль чемпионатына барды. Ол жерде ашкелондық «Хапоэль» және хайфалық «Хапоэль» клубтарында ойнап үлгерді. Хорваттың «Атырауға» ауысар алдындағы соңғы клубы израильдық «Ашдод» клубы болатын.

«Атырау» қатарын 31 жастағы қорғаушы Андрей Шабаев толықтырды. Ол алматылық «Цесна» футбол командасының шәкірті, қазақстандық Премьер-лигада мол тәжірибесі бар. Өзінің ересек футбол мансабын ойыншы «Цесна-Д» командасының құрамында бастады. Ол жерде 65 матч өткізіп, екі голмен көзге түсті. Әрі қарай Сәтпаевтың «Қазақмыс», Өскеменнің «Восток», «Тараз», «Жетісу», «Ақжайық» және «Қызылжар» командаларында ойнаған.

***


ХОККЕЙ

Шайбалы хоккей бойынша ҚР чемпионатында атыраулық «Бейбарыс» командасы Павлодарда «Ертіс» командасымен екі матч өткізді.

«Бейбарыс» үшін осы сапар қорытындысы ықтимал 6 ұпайдан 4 ұпай болды. Бірінші матч 2:1 есебімен меймандардың жеңісімен аяқталды. Альберт Вишняков пен Андрей Иванов ерекшеленді. Екінші ойын овертаймға көшіп, алаң иелерінің жолдары болды.

***


БОКС

Ақтөбеде жасөспірімдер арасында бокстан аймақтық ел чемпионаты өтті. Оған еліміздің Батыс және Оңтүстік өңірлерінен мықты жас боксшылар қатысты.

Атырау құрамасының қоржынында – 1 алтын, 1 күміс және 2 қола алтын алқа бар. Бекзат Бітімов чемпион, Михаил Черкащенинов күміс алқа иегері, Нұрбек Тайшыбеков пен Заир Бейбарыс қола жүлдегерлер атанды.

***

Атырауда 2001-02 жылғы жастар арасында бокстан облыстық чемпионат өтті. Өз салмақ дәрежелері бойынша Асланбек Көшкінбаев, Бекзат Мәжитов, Ғалымжан Тасболатов, Руслан Қайырғалиев, Мұстахим Бекқалиев, Аялан Құмарғалиев, Сәлімжан Сәлімгереев, Рахат Дарханов пен Исламбек Мұратов жеңімпаздар атанды.

24 қаңтар 2019, 11:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.