Атырау, 29 наурыз 00:18
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Спорт жаңалықтары

2 317 просмотра


ЖҮГІРУ

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының офицері Сергей Садриев «Astana Winter Marathon-2018» қысқы жартылай марафонының атыраулық кезеңінің жеңімпазы болды.

Аға лейтенант 1 сағат 40 минутта 21 шақырымды жүгіріп өтті. Бұрын Садриев Атыраудағы жазғы марафонның және «AtyrauYellowRace» марафонының жүлдегері болған еді.


СПАРТАКИАДА

Атырауда Өңірлік дене шынықтыруды дамыту орталығының қолдауымен колледж оқытушылары арасында облыстық спартакиада өтті.

Сайысқа спорттың 6 түрі бойынша 11 ұжым қатысты. 1-орынды Қазіргі заманғы Каспий өңірі колледжі, 2-орынды Индер көппрофильді ауыл шаруашылығы колледжі, 3-орынды Мақат технологиялық мұнай және газ колледжі иеленді.


ДОЙБЫ

Атырауда оқушылар арасында дойбыдан қалалық біріншілік өтті.

Жеңімпаздар: 2011 ж.т. және одан төмен -  Сырым Темірлан (Ақсай), Дильназ Ділмұханова (Амангелді); 2009-10 ж.т. - Алмай Нұрдәулет (СТГ), Зейнеп Темірбай (Амангелді); 2008-06 ж.т. -

Ерназ Шубаков (Ақсай), Әдиет Жібек (№31 мектеп); 2003-05 ж.т. - Дастан Қосымбаев (Тайманов атындағы мектеп), Данагүл Жұмалиева (Ақсай).


ДЗЮДО

Алматыда 2002-03 ж.т. қыздар арасында дзюдодан Ахмет Байтұрсыновты еске алуға арналған республикалық турнир өтті.

Атырау қаласының олимпиадалық резервті дайындау орталығының командасы өзін жақсы көрсетті: Айгерім Қамитова алтын алқа, Аяулым Наурызбаева мен Гүлбақыт Ғабиден қола алқа алды.


ГИМНАСТИКА 

Дубайда көркем гимнастикадан өңірлік Азия кубогы өтті.

Атыраулық Эльнара Нұршаева гүрзімен сайыста қола алқа жеңіп алды.

30 желтоқсан 2018, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.