Атырау, 21 желтоқсан 22:16
 ашықВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Атыраудағы айқас

Сурет
3 529 просмотра


Атыраудағы Тәуелсіздік күні қарсаңында «Жайық» спорт кешенінде (АМУ жанындағы)  аралас жекпе жек бойынша (MMA) M-1 Challenge халықаралық турнирінің кеші өтті. Жекпе жекке Қазақстан, Қырғызстан, Грузия, Польша, АҚШ, Бразилия, Украина және Ресейден келген спортшылар қатысты.

Құрметті қонақ ретінде жақында ММА тарихында UFC-де жеңіске жеткен тұңғыш қазақ атанған ресейлік Дамир ИСМАГУЛОВ қатысты.

Турнир андеркард (кештің негізгі жекпе жегі алдындағы алдын-ала ұрыстар) кездесулерінен басталды. Алғашқы жекпе-жекке қазақстандық Сәбит ЖҮСІПОВ пен Грузиядан келген Мате САНИКИДЗЕ шықты. Қарсыласын тұншықтыруға тырысқан грузин жауынгерінің белсенді шабуылына қарамастан, айқастың соңында Сәбит оны құлатып, жеңіп шықты.

Октагонда екінші болып ресейлік Василий КОЗЛОВ пен украиналық Георгий АКОШВИЛИ шықты. Бірінші раундтан бастап ресейлік палуанның басым түскені айқын болды, оның қарсыласы басына бірнеше дәл соққыны жіберіп алды. Козлов айқын жеңіске жетті.

Қазақстандық Асу АЛМАБАЕВ екінші раундта қылғындыру тәсілімен ресейлік Кирилл ФОМЕНКОВТЫ жеңді. Октагоннан кетіп бара жатқан Асу өзінің бас демеушісі – анасына алғысын білдірді!


Төртінші жұпты - атыраулық Абылай ТӨЛЕШ пен ресейлік Сергей КЛЮЕВТЫ бүкіл зал күтті. Ресейлік артық салмағы үшін судьядан ескерту алды. Абылайды қарсыласының артық салмағы абыржытпады, ол бірден шабуыл жасай бастады. Үшінші раундта Абылай техникалық нокаутпен жеңіске жетіп, залдың лайықты қошеметіне ие болды.

- Мен үшін шайқас қиын өтті, - дейді Абылай. - Бастапқыда керемет жекпе жек көрсетем деген едім. Қолымнан келді деп ойлаймын. Еліміздің Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында жеңіске жету ұмытылмас сезім!

Әрі қарай Нұрбек ҚАБДРАХМАНОВ пен ресейлік Михаил КУЗНЕЦОВТЫҢ жекпе жегі өтті. Спортшылар соққыларын аямай, керемет айқас көрсетті. Алайда, судьялардың шешімі бойынша, залдың белсенді қолдауына қарамастан, қазақстандық спортшы қарсыласына жол берді.

Үшінші раундта қазақстандық Naiza Fighter клубынан Мурад АБДУРАХМАНОВ американдық Брэндон БЕЛЛАНЫ сенімді жеңді.

Қырғызстандық Баяман НҰРМАМАТ пен ресейлік Хамзат ДАЛГИЕВ арасындағы шайқас соңғысының жеңісімен аяқталды. Ресейлік спортшы бірінші раундта бауырға қатты соққы жасап, қырғызстандықты нокаутқа жіберді.


Сондай-ақ, бірінші раундта польшалық Рафал КИЯНЧУК ресейлік ГИГУ КУХАЛАШВИЛИДІ нокаутқа жіберді.

Бірінші раундта қазақстандық Сергей МОРОЗОВ қырғызстандық Бақытбек ДҮЙШОБАЕВТЫ нокаутқа түсірді.

Ресейлік спортшы Данил ПРИКАЗ пен бразилиялық Эдуардо РАМОН арасында тамаша жекпе жек болды. Екінші раундта ресейлік спортшы қарсыласын нокаутқа жіберді.

Қазақстандық Талғат ЖУМАҒАЛИЕВ бразилиялық спортшы Кайка АЛЕНКАРАМЕН кездесті. Жерлесіміз алдымен қарсыласын нокдаунға жіберді, бірақ үшінші раундта өзі қылғындыру тәсіліне ұшырап, ұтылып қалды.


Украиндық Андрей ЛЕЖНЕВ пен американдық Нэйт ЛАНДВЕР арасында жартылай салмақ дәрежесінде М-1 Challenge чемпионы атағына арналған кештің басты жекпе жегі өтті.

Андрей шапшаң шабуыл жасап, сол қолымен бірнеше дәл соққы жасады. Дегенмен, ол бірнеше ойсыратқан соққы, соның ішінде лоу-кик (аяққа соққы) жіберіп алды. Американдық спортшы өзінің чемпион атағын қорғап қалды.

- Сенімді серіктесіміз Қазақстанның ММА және панкратион ұлттық федерациясының арқасында осы «Атыраудағы шайқас» деген тамаша кешіміз ұйымдастырылып отыр. Бәрі жоғары деңгейде өтті, көрермендер керемет жекпе-жектерден әсер алды, - деп түсінік берді «АЖ»-ға M-1 Global президенті Вадим ФИНКЕЛЬШТЕЙН.

Фархат ӘБІЛОВ

Суреттерді түсірген автор

16 желтоқсан 2018, 02:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.