4 желтоқсанда Атырау облысының экс-әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВ пен 8 басқа сотталушының ісі бойынша өтетін кезекті сот отырысына осы фигуранттардың бірі - мемлекетаралық іздеуде тұрған Бауыржан ТЕМІРАЛИН келді.
Теміралинге қатысты енді жеке сот талқылауы белгіленді, өйткені бұған дейін оған қатысты сот процесі сырттай болған еді. Ол сол күні сот залында қамауға алынды, қазір Атырау қаласының тергеу абақтысында жатыр.
Біз Теміралиннің адвокаты ақтөбелік Күләш МАНЬКОМЕН хабарластық. Оның айтуынша, оның қорғалушысына қатысты сот процесі келер жылдың ақпанына дейін басталмайды. Теміралин «BNB Construction» ЖШС директоры болды, ол ҰҚҚ-қа қатысы бар және бюджет қаржысын жымқырды деп айыпталуда.
- Осы ЖШС-тің бас есепшісі бұрын ақталып шықты, бұл іске жақсы ықпал етуі мүмкін, - дейді Манько. Бұл жерде әңгіме кінәсі дәлелденбегендіктен ақталып шыққан «Ақтөбехаусконстракшн» ЖШС мен «BNB Construction» ЖШС-де жұмыс жасаған Гүлмира ӘЗБЕРГЕНОВА туралы болып отыр.
Бейресми деректер бойынша, Атырауға сотқа келместен бұрын Теміралин Қызылорда облысында болған.
Қазір экс-әкімнің ісі бойынша сот отырысы қылмыстық іс материалдарымен жете танысу кезеңінде өтіп жатыр.
Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА