Атыраулық «Бейбарыс» хоккей клубы басшылығының команданың бас бапкері Александр ИСТОМИНМЕН және аға бапкері Олег БОЛЯКИНМЕН келісімшартты бұзғаны белгілі болды. Бас бапкердің міндетін атқарушы болып Владимир Клинга тағайындалды.
Телефон арқылы сөйлескен кезде Истомин жұмыстан кету себептері туралы сұраққа жауап бермеді.
- Енді қайда барасыз?
-Білмеймін. Әзір осында боламын.
Ресей Федерациясының Свердлов облысындағы Серов қаласынан Атырауға келген Александр Истомин 2009 жылы клуб құрылған кезден бастап «Бейбарыс» клубына басшылық етті, оны үш мәрте (2011, 2012, 2016 ж.ж.) ел чемпионы және екі мәрте (2010, 2013 ж.ж.) күміс жүлдегер атандырған еді .
Қазір «Бейбарыс» турнирлік кестеде 10 орынның 5-ші орнына жайғасқан.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ