Атырау, 19 сәуір 10:38
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Спорт жаңалықтары

2 777 просмотра

КАРАТЭ


Ақтауда өткен каратэден ҚР кубогында «Қайсар» клубының 28 спортшысынан тұратын Атырау командасы 2 алтын, 3 күміс және 9 қола алқаны жеңіп алды.

Әли Мұратов пен Вадим Демидов кубок иегерлері атанды. Күміс алқа Алан Юсуповқа, Әли Науанов пен Әмірғали Ізғалиға бұйырды. Қола алқа Арсен Сәрсембаев, Дәулет Мұратов, Бекзат Жалғасов, Вячеслав Ким, Юсуп Мухтасип, Нартай Сабырбай, Нұрдәулет Айболатұлы, Аян Әбілқайыр және Серікбол Лұқпановтың еншісіне тиді.


*****

Шымкентте балалар арасында киокушинкай каратеден республикалық турнир өтті. Атырау командасы жүлделі орындар бойынша үздік нәтиже көрсетті.

Әли Махметов, Арман Дамир, Амангелді Бекарыс, Александра Ким, Дариға Бекет, Бекзат Қасанов, Қожахмет Нұрасыл, Әлжапар Әмірхан, Сырым Ақжол, Өмірбек Жақсылық, Әли Қайратұлы және Томирис Таңатарова алтын алқаға қол жеткізді.

Жас спортшыларды жаттықтырушылар Р.Байбосынов, А.Грузинцев және Т.Әдебиетов дайындады.


ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫС

Астанада қоян-қолтық ұрыс бойынша ҚР президентінің кубогы өтті.

65 келіге дейінгі салмақта атыраулық спортшы Ұлан Мұқашев Кубок иегері атанды. 75 келіге дейінгі салмақта Эльдар Мұхитов қола алқа жеңіп алды.


КҮРЕС

Атырауда грек-рим күресінен қалалық біріншілік өтті.

Сайыс екі жас тобы бойынша өтті. 2007-09 ж.т тобында Елжан Ренат, Әжіғали Айбар, Мұхаммед Мамедов және Нұрберген Әбішев; 2004-06 ж.т. тобында - Сағди Аманжолұлы, Ерболат Базарбай, Әнуар Мұратов, Елдос Қалдыбаев, Шыңғысхан Базарбай, Шайза Амандық, Жұмағұл Алихан және Исмаил Қуанышев өз салмақ дәрежелері бойынша чемпион атанды.

Дайындағандар Анастасия Алюшина, Мұрат Сұлтанғалиев

6 желтоқсан 2018, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.