30 қарашада Махамбет ауданында Жайық өзені үстіндегі жаңа көпір ашылды. Салтанатты ашылу рәсіміне Атырау облысы басшылығымен бірге осы құрылысты бастаған облыстың экс-әкімі, қазіргі ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ те келді.
Ұзындығы 860 метр, ені 13 метр болатын көпір құрылысы 2014 жылдан бастап жүргізілді. Бұған республикалық және облыстық бюджеттен жалпы құны 9,4 млрд теңге қаржы жұмсалған болатын. Тапсырыс беруші облыстық ТКШ болса, бас мердігерс- «Атырауинжстрой» ЖШС, құрылысты жүргізген - «Энергомост» ЖШС.
Бұл көпірдің ерекшелігі «Атырау-Ақтөбе-Астрахан» және «Атырау-Орал» бағыттары бойынша қозғалысты және жүк тасымалын жеңілдетеді. Сонымен бірге өзеннің екі жағында орналасқан шамамен 40мыңға жуық тұрғыны бар 10 округті біріктіреді.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Суреттер мен бейнежазбаны түсірген Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ