Атырау, 26 қараша 00:35
 ашықВ Атырау -2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Зейнеткерлерге жарамды банкоматтар қажет

3 080 просмотра

«Қазпошта» АҚ пластик кәртішкелерінің қожайындары банкоматтар арқылы ақшаларын ала алмай отыр. Банкоматтар істен шығып қалған. Қазпошта аптаның аяғына дейін олардың жұмысын реттеуге уәде берді.

Редакцияға «Қазпошта» АҚ пластик кәртішкелерін пайдаланатын зейнеткерлер әлденеше рет хабарласқан. Олардың айтуынша, банкоматтар жиі істен шығатын болған. «Мен зейнетақыны №20 пошта бөлімшесінен алып жүрдім. Кезекке тұрмас үшін кәртішке рәсімдеп, зейнетақымды банкомат арқылы алуды ұйғардым. Алайда ол үнемі істен шығып қалады – біресе байланыс жоқ, біресе мүлдем жұмыс істемейді», - деп шағымданды Ирина Алексеевна.

Ал соңғы үш күнде қалада «Қазпошта» АҚ-ның бірде-бір банкоматы жұмыс істемей қалды. «Атырауда 3 банкомат пен әр пошта бөлімшесінде екеуден 25пост-терминал бар. Демалыс күндерінен бастап барлық үш банкомат істен шықты. Орталық операция залының ғимаратында орналасқан олардың бірінің мониторы сынып қалған. Ал Авангардтағы №9 пошталық бөлімшесінің жанындағы және Привокзальныйдағы орталық кеңсенің кіре берісіндегі тағы екі аппараттың сыну себебін әзірге анықтаудамыз», - дейді «Қазпошта» АҚ АФ директорының орынбасары Аслан АРОНОВ. – Осы жұмысқа «Қазақтелеком» мен біздің аппараттарымызға қызмет көрсететін фирмалардың мамандарын тарттық. Оның айтуынша, соңғы кездері облыста «Қазпошта» кәртішкелерін пайдаланатын клиенттердің саны көбейді. Олардың қатарында қызмет еткен жылдары бойынша зейнеткерлікке шыққан әлі қартаймаған тұлғалар мен әлеуметтік жәрдемақы алушылар бар. Алайда «Қазпошта» өз банкоматтарының желілерін кеңейтуді жоспарлап отырған жоқ. Олар пост-терминалдар санын көбейтпекші.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

9 ақпан 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.