Атырау, 21 желтоқсан 21:41
 ашықВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Спорт жаңалықтары

3 784 просмотра


ВОЛЕЙБОЛ

Өңірлік дене шынықтыруды дамыту орталығының қолдауымен атыраулық Хамит Ерғалиев атындағы №35 мектеп-гимназиясының командасы волейболдан қыздар арасындағы республикалық турнирге қатысып, алтыннан алқа тақты.

Мектептің дене шынықтыру жетекшісі Оңғарбек Досахаев әңгімелейді:

- Турнир Қызылордада өтті, оған 5 облыс қатысты. №35 мектеп (Жұмыскер-2 ықшамауданы) командасы барлық бәсекелестерін едәуір басымдықпен жеңді. Күміс алқа Қызылорда облысына, қола алқа – турнир қожайындарының командасына бұйырды.

***

ПАНКРАТИОН

Минскде 2001-02 жылғы жастар арасында панкратионнан әлем чемпионаты өтті. Мұнда 55 келіге дейінгі салмақта атыраулық спортшы Ернат Нұрлыбекұлы қола алқа жеңіп алды.

Ернат 3 жекпе жекте жеңіске жетіп, жартылай финалда Украина құрамасының өкіліне есе жіберіп алды. Болашағынан үміт күттірер спортшыны 2015 жылғы ММА бойынша әлем чемпионатының финалисі Нұртілек Қонашев жаттықтырады.

***

САМБО

Қарағанды облысының Ағадыр поселкесінде 2004-05 жылғы жасөспірімдер арасында Көкбөрі Керней Жарылғап батырды еске алуға арналған халықаралық турнир өтті.

Атыраудан №1 және №4 БЖСМ шәкірттері қатысты. Азат Сүндетов, Қазбек Аңсаған және Батырлан Телишов турнир жеңімпаздары атанды. Рысбек Қабдрешов пен Диас Болатұлы күміс, Зинолла Нұрәлі мен Райымбек Базарбаев қола алқа алды.

***

ДЗЮДО

Ақтауда дзюдодан Азия Кубогы өтті. Атырау құрамасының барлық мүшесі дерлік жүлделі орындарға ие болды.

Эльмира Самиғоллаева мен Сайда Қапсалықова күміс алқа, Қанат Сейілхан, Айболат Ыстыбай, Сұңғат Закарияев, Арман Қалиев пен Ақжол Қайыпхан қола алқа иеленді.

***

ТАЭКВОНДО

Шымкентте таеквондо (WTF) бойынша ҚР чемпионаты өтіп, Атырау облысының құрамасы қоржындарына 5 алқа салды.

Айгүл Елубай (73 кг дейін) мен Үмбет Шакиев  (87 кг жоғары) алтын алқа, Айдана Еділбаева (46 кг дейін), Альбина Боранқұлова (73 кг дейін) мен Алмас Меллатов (80 кг дейін) қола алқа алды.

***

ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫС

Қарағандыда қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан чемпионаты өтті.

Атыраулық спортшылар екі алқа тақты. 60 келіге дейінгі салмақта алтын алқа мен келер жылдың наурызында Санкт-Петербургте өтетін әлем чемпионатына жолдаманы Ұлан Мұқашев жеңіп алды, 75 келіге дейінгі салмақта Эльдар Мұхитов қола жүлдегер атанды.

***    

КАРАТЭ

Теміртауда балалар мен жастар арасында каратэ-до шотокан бойынша ҚР чемпионаты өтті. Оған ел бойынша 300-ден астам спортшы қатысты. ҚР Еңбек сіңірген бапкері, облыстың аға бапкері Ерікқали Қойшекеновтің (5-дан қара белдік иегері) жетекшілігімен «Жолбарыс» спорт клубының шәкірттері Атыраудың намысын қорғады.

Команда қоржынына 6 алтын, 4 күміс және 7 қола алқа салынды. Атап айтқанда, Зарина Асқарқызы, Әзиза Исабекова, Ақбота Тілекқабыл, Бекзат Сайнов, Өмірзақ Руслан, Құдайберген Жұмабаев, Мардан Мейірбек, Жағпар Дарын, Айруз Балабеков, Төлепберген Диас, Бағытжан Базекешов, Мақым Алпамыс өздерін жақсы жағынан көрсете білді.

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

15 қараша 2018, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.