Атырау, 21 желтоқсан 21:47
 ашықВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Спорт жаңалықтары

2 283 просмотра

КАРАТЭ


Атыраудағы «Қайсар» спорт клубының шәкірті Буэнос-Айресте өткен Жасөспірімдердің олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды.

68 келіге дейінгі салмақта Әбілмансұр Батырғали бастапқы жекпе-жекте татами иесі Хуан Мартинесті үлкен артықшылықпен жеңді, содан кейін жапондық Котаро Накамура мен мароккалық қарсыласын жеңді. Жартылай финалда бельгиялық Квенти Махаудиннен ұтылып, нәтижесінде қола жүлдеге ие болды.


ДЖИУ-ДЖИТСУ

Атыраулық спортшы Тыныс Бисалиев Прагада джиу-джитсудан өткен Әлем чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінді.

Ол татамиде үш жекпе-жек өткізді: алдымен чехиялық қарсыласын жеңіп, содан соң Украина өкілінен басым түсіп, финалда поляк қарсыласын жеңді. Нәтижесінде әлем чемпионы атағын алды.


САМБО


Тбилисиде жасөспірімдер мен жастар арасында самбодан әлем чемпионаты өтті. ҚР құрама командасында атыраулық 4 спортшы: Асқар Еспусинов, Гүлзада Алмаз, Мәдениет Құлманов және Абылай Түгелбаев болды.

Нәтижесінде А. Еспусинов алтын алқа, ал Г. Алмаз қола адқа жеңіп алды. Жастарды жарыстарға бапкерлер К. Досқалиев, Е. Төлеген және З. Зинуллаевтың дайындады.


ДЗЮДО

Бакуде дзюдодан беделді халықаралық турнир өтті. Әр салмақ дәрежесіндегі үздік атаққа жүзден астам қатысушының қатысқандығынан-ақ сайыс деңгейінің қандай екенін білуге болады.

Осындай қатаң бәсекелестік жағдайында атыраулық спортшылар Олжас Құмар мен Төребек Амангелдиев шеберліктерін көрсетіп, екеуі де қола алқа иеленді.


СПОРТТЫҚ БИ


Алматыда арбада отырып билеуден ҚР чемпионаты өтті. Комби Латина номинациясында атыраулық жұп Есболат Балбаев пен Томирис Ерболат күміс жүлдегерлер атанды.

- Қатысушылардың барлығы үшін мұндай турнирлер - үлкен бақыт әрі әлемге басқа көзқараспен қарау мүмкіндігі. Біз үшін бастысы жеңіс емес – біздің бәріміздің бір мақсатқа бірігуіміз маңызды: жігерімізді жасытпай, мықты болу, - дейді атыраулық сайысқа қатысушылардың бірі Жазира Ақбердиева.


КӨПСАЙЫС

Атырау қаласындағы Жеңіс саябағында функционалды өрт көпсайысы (кроссфит) бойынша облыстық чемпионат өтті.

Сайыс бағдарламасы кір тасын және зілтемір көтеру, кросс, ауыр жүк көлігінің дөңгелек тысын көмкеру, өрт сөндіру түтіктерін жалғау және түтік жүйесін тарту және т.б. қамтыды. Жеке сайыста №16 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі Бейбіт Бохатов үздік нәтижеге қол жеткізді, екінші нәтижені Құрманғазы ауданындағы №7 өрт сөндіру бөлімінің қызметкері Ерсейіт Бралин, үшінші орынды «Болашақ» өрт сөндіру бөлімінің қызметкері Мейірбек Қатапов көрсетті. Командалық есепте екінші жыл қатарынан Индер ауданының №5 өрт сөндіру бөлімі бірінші орынды иеленді, екінші орынды - өрт-құтқару спорты бойынша облыс құрамасы, үшінші орынды - Құрманғазы ауданының командасы алды.


ВОЛЕЙБОЛ


Атырауда ТЖД бөлімшелерінің арасында волейболдан Құтқарушылар күніне арналған турнир өтті. Турнирге 8 команда қатысты.

Финалда алдын-ала айналымда бірдей ұпай жинаған өңірлік құтқару жасақтары мен өрт сөндіру қызметтері командалары кездесті. Құтқарушылар 3-0 есебімен жеңіске жетті. 3-орынды Атырау қ. №1 өрт сөндіру командасы иеленді.

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

25 қазан 2018, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.