Атырау, 26 желтоқсан 06:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Жанкүйер деп Жаннаны айт!

8 109 просмотра

Спортты әдемі де көрікті етіп, әсерлі көрініске айналдыратын дәл осы жанкүйерлер; оларсыз спорт ауыр да қауіпті, маңызсыз болып қалар еді. Стадиондардың трибунасынан неше түрлі қиялшылдарды көруге болады! Міне, біздің жанкүйеріміз, Атыраудың тумасы Жанна де ла ПОМЕРЭЙ (суретте 17-бетте) қазақстандық жалаудан ерекше тігілген көйлекті киіпті. Ол көйлекті өз қолымен тікті.

Осыдан бір жыл бұрынЛондон олимпиадасының ашылуына билет сатып алып тұрып, Жанна мұндай керемет оқиғаға қарапайым ғана көгілдір футболкамен, тіпті, онда ұлттық символ бейнеленсе де киіп бару мүлдем ерекше емес деп шешті. Футболка оның патриоттық көңіл күйін білдіре алмайтын да еді. Оның басына нағыз эксклюзивті киім үлгісін тігу керек деген ой келді. Ол киіміңнен айналаңдағылар сенің қай елден екеніңді айырады. Және әрине, Олимпиада қожайындарын құрметтеу ретінде ағылшындық колоритті де қосып қойды. Елімізді оның жалауынан басқа не көрсете алады. Екі елдің жалауын қолдану жөніндегі шешімі міне, осылайша туындады. Интернет арқылы Жанна Мәскеуден ең таңдаулы деген табиғи жібекті алдыртып, жұмысқа кірісті. Бірнеше түнді ұйқысыз өткізіп, жалауда бейнеленген күнді, бүркітті және ұлттық өрнекті бисермен және пайеткалармен көмкерді. Кейін оны дайын көйлекке жапсырып тікті. Ақыры ол өз дегеніне жетті. Оның көйлегіне бірнеше телеарналар қызығушылық танытты, Жанна бірнеше сұхбаттар беріп үлгерді, интернеттен және «Хабар» сюжеттерінен де көрініп қалды.

- Біз стадионға отбасымызбен бірге метро арқылы бармақшы болдық. Солай тез болатын. Метроға дейінгі он минуттық, одан стансадан стадионға дейінгі жиырма минуттық қана шағын жолымыз бірнеше сағатқа созылды. Лондон орталығындағы машиналар мен автобустар, ересектер мен балалар, тіпті құстар да менің көйлегімнен көздерін ала алмады. Менімен суретке түскісі келгендер кезекке тұра бастады, - деп әңгімелейді Жанна. – Бұрын мен шетелдегі жаңа таныстарыма Қазақстаннан екенімді айтқанымда көпшілігі оның қайда екенін білмей, көп ойланып барып, ақыры: «Аааа, Борат!» деп міндетті түрде айтып қалатын. Алайда, олимпиада күндері адамдар бұл сайқымазақтың атын ешкім де аузына алмады. Тек біздің бұған дейін Александр ВИНОКУРОВ, Ильи ИЛЬИННІҢ және басқа да чемпиондарымыздың қолынан көрген әдемі жалауымыздың кереметтілігіне тамсанды.

Басты спорттық шараның әсерімен Жанна жақында Лондоннан ұшып келді. Ол өзінің осынау үлкен мерекеге кішкене болса да үлесін қосқанына өте қуанышты.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

8 тамыз 2012, 22:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.