Өткен сенбіде Атыраудың жаңа Береке ықшамауданындағы биыл "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша алынған пәтерлердің бірінде отбасылық мереке кезінде төбе сылағы түсіп кеткен. Сылақтың бөліктері қонақтар жиналған дастарханның ортасына түсіп, абырой болғанда, тек ыдыстар сынып, ыстық шәйға қол күйдіргені болмаса, қатты зардап шеккен ешкім жоқ.
Облыстық әкімдікте оқиғаға келесідей түсінік берді:
- Оқиға Береке ықшамауданындағы №3 үйде болған. Құрылыс жұмыстарын "БатысАльянсСтрой" ЖШС мердігер компаниясы жүргізген. Сылақтың түсуінен болған зардаптар дереу жойылды. Қазіргі уақытта тұрғындардың шағымы жоқ.
Фархат ӘБІЛОВ
Видео әлеуметтік желіден алынды