Атырау, 21 желтоқсан 21:41
 ашықВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Спорт жаңалықтары

2 661 просмотра

ПАРААЗИАДА ОЙЫНДАРЫ 


Джакартада өткен Пара Азиада ойындарында тағы да атыраулықтар көзге түсті.  Еркін стильде 50 метрлік қашықтықта Ержан Сәлімгереев екінші алтын алқасын алды. Алғашқы алтынды ол соның алдында өткен 100 метрлік қашықтық бойынша алған еді. 

Отырып волейбол ойнаудан «Атырау» командасының ойыншыларынан құралған ҚР құрамасы қола алқа иеленді. 3-орын үшін таласта олар Ирак құрамасын  3:0 (25:22, 25:22, 25:19) есебімен жеңді.
Бұдан басқа, парадзюдодан Пара Азиада ойындарының қола алқасын командалық есеп бойынша ҚР құрамасы алды. Команда құрамында үш атыраулық спортшы болды: Дәулет Теміржан, Әнуар Сариев және Темірболат Ташикенов. 

*** 

ДОЙБЫ

Атырауда дойбы мектебінің негізін қалаушы Жүсіп Қисымовтың 80 жылдығына арналған турнир өтті. 

Сайыс қорытындысы (тиісінше, 1-шіден бастап 3-орынға дейін): ардагерлер - Берік Молдаш, Тұрғанбай Шығанақов, Аман Ешімов; жасөспірімдер - Ерзат Кенжеғали, Бекарыс Жұмалиев, Шыңғысхан Елтай; қыздар - Данагүл Жұмалиева, апалы-сіңлілі Жанель және Жібек Әдиет. 

***

ТАЭКВОНДО
Ереванда таэквондодан (GTF нұсқасы) Еуропа Кубогы өтіп, атыраулық қатысушылардың барлығы алқа иеленді. 

Алғашқы күні спортшылар «хёнги» бойынша сайысты (формалды кешен). Айбек Демегенов, Мансұр Жұмабай мен Дәулетхан Ерланұлы алтын алқа алды. Алексей Хомяков күміс алқа, Мақсат Мұхамбетов қола алқа иеленді. Екінші күні «мацоги» (жекпе-жек) бойынша сайысты.  Бұл жерде А.Демегенов пен М.Жұмабай тағы да алтын алқаға ие болып, команданың қалған мүшелері күміс алқамен марапатталды. Соңғы күні «қара белдіктер» сайысы өтті, оған спортшылардың бапкері Берік Әлжанов қатысып, нәтижесінде алтын және қола алқа иегері атанды. 

***

ДЗЮДО
Қызылордада 1999-2000 жылғы жастар арасында дзюдодан Б.Сүлейменовті еске алуға арналған ірі халықаралық турнир өтті. Атырау құрамасы бұл жерде 5 алқа жеңіп алды.

Ақжол Қайыпханның еншісіне алтын алқа тиді, Карина Мұқашева, Дильназ Теміржанова, Манас Қайырбай мен Бекзат Шағатаев қола алқаны місе тұтты. Команданы бапкерлер М.Есмағамбетов пен К.Сүлейменов дайындады.


КАРАТЕ
Таразда кекушинкай-кан карате бойынша өткен ел чемпионатынан облыс құрамасының қоржыны толы қайтты. 

Алтын алқа Нұрасыл Қожахметовтің, Алексей Юннің, Айдар Махметовтің, Карина Калиструдың, Аружан Әбдрахманованың, Глеб Повстянко мен Андрей Котовтың еншісінде; Матвей Гущин, Ильхам Берік және Рүстем Байбосынов күміс алқа иеленді; Омар Ахмадиев, Егора Тумин, Карина Досимова мен Игорь Шахов қола алқа алды.
Спортшыларды бапкерлер Таңат Нұрымов, Мұрат Жолдасов, А.Котов пен Р.Байбосынов дайындады.
Спортшылар мен бапкерлер облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдіреді.

18 қазан 2018, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.