Атырау, 26 желтоқсан 06:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Сырыңды бізбен бөліс!

1 932 просмотра

№7 қалалық емханада Жастар денсаулығы орталығы Атырауда бірінші болып жұмысын бастады. Мұнда жастар бірқатар медицина мамандарынан (көңіл қалауына қарай анонимді түрде де хабарласуға болады) тегін кеңес алып тұра алады.

Орталық «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ашылды. Және, Атырау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының (СӨСҚО) бөлімшесі саналады.

- Жас жігіттер мен қыздар шетін жағдайларда қайда барарын білмейді, ал өзінен үлкен кісілерге өз проблемалары туралы айтуға қысылады, – дейді Атырау облыстық СӨСҚО БАҚ-пен байланыс жөніндегі маманы Клара АРАЛОВА. – Жастар денсаулығы орталығы – соларға арналған.

Орталықта психолог, гинеколог дәрігер, дерматолог, венеролог және терапевт жұмыс істейді. Алдағы уақытта бұл мекемелер қаланың барлық емханаларында және облыстың жеті ауданында да ашылады.

Тамара СУХОМЛИНОВА

8 тамыз 2012, 21:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.