Атырау, 25 қараша 18:21
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Почта тонаған қарақшы ұсталды, бірақ полицияға қояр сұрақ бар

2 519 просмотра


«АЖ» сайтында Атыраудағы почта бөлімшесіне қарулы шабуыл жасалғаны туралы ақпарат шыққаннан кейін редакцияға ІІД бастығының бірінші орынбасары Қамза ҮМБЕТҚАЛИЕВТІҢ қолымен хат келді. Хатта «бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтындығын» айта келіп, 7 қыркүйекте Авангардтағы емес, Сырым Датұлы көшесі, 137 «б» мекенжайындағы почта бөлімшесіне шабуыл жасалып, 6 миллион емес, 947 мың теңге тоналғаны туралы баяндаған. Сонымен қатар, 21 қыркүйекте күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Дегенмен, осы жерде оқырмандарымызға келесілердің басын ашып кеткен артық болмас. 

Кеше ІІД баспасөз қызметі «АЖ» тілшісіне тек қарақшылық шабуылдың болғанын ғана растап, басқа мәліметтерді беруден бас тартқан. Сондықтан, кейбір бейресми көздерден алған ақпараттарымызды жарияладық, ал бұл әрқашан нақты болмайтыны түсінікті. Міне, мақала жарияланып, полицияның «нақтылаулары» мен «теріске шығарулары» келгеннен кейін ғана нақты, толық мәлімет қолымызға тиді. Бұл кімге жақсы? Полиция, оның баспасөз қызметі прессамен ашық, өркениетті жұмыс істесе, бәріне тиімді емес пе?

Фархат ӘБІЛОВ

22 қыркүйек 2018, 18:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.