Атырау, 16 қазан 19:54
 дождьВ Атырау +23.9
$ 454.14
€ 509.23
₽ 5.41

Тапаншалы қарақшы Авангардтағы поштадан 6 млн теңгені алып кетті

4 183 рет қаралды


Атырауда Авангард ықшам ауданында орналасқан «Қазпошта» АҚ бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасалды.

«AЖ» дереккөздері хабарлағандай, бұл 7 қыркүйекте орын алған. Қаскөй пошта қызметкерлерін тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, 6 миллион теңгені алып, ғайып болған.

Атырау облыстық ІІД-де осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы (Қарақшылық) бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Фархат ӘБІЛОВ

21 қыркүйек 2018, 20:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.