Атырау, 23 желтоқсан 05:10
 ашықВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Махамбеттегі зираттарды да қиратып кеткен

3 418 просмотра

Мұсылман бейіттерін қирату жайттары енді аудандарда да байқала бастады. Бұл  жайлы «АЖ» поштасына  Махамбет ауданының прокуроры  Аман Дүйсенғалиев хабарлап отыр.

Өткен аптаның соңында Махамбет ауданы тұрғындарының бірі осы аудандағы Жалғансай селосына қарасты «Меңетай» қауымы зиратындағы 4 бейіттің құлпытастарын белгісіз біреулердің  сындырып кеткенін көріп аудандық ІІБ-не хабарлаған.

-Құлпы тастарының сынықтары қардың астында қалған және адамның аяқ іздері болған жоқ, яғни оқиға үстіміздегі жылдың қантар айының 16 немесе 17  дейін орын алған деген тұжырымға келуге болады. Сонымен қатар, құлпытастарды балғамен немесе қатты доғал заттармен ұрып сындырғаны анықталды,-дейді прокурор.

Қазір осы мәселеге орай аудандық ішкі істер бөлімі ҚР-сы Қылмыстық кодексінің «өлгендердің мәйіттерін және олар жерленген жерлерді қорлау» жөніндегі  275 бабының 1 бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғады. Бірақ қылмыскерлер әлі табылған жоқ.

Естеріңізге сала кетсек, қаңтардың 15-16 –сында белгісіз біреулердің Атырау қаласындағы орталық және Элеватор ауданындағы ондаған мұсылман бейіттерін қиратып, қорлағаны белгілі болған еді. Кейінен облыстық ішкі істер департаменті қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 7 жас жігіттің тұтқынға алынғанын хабарлаған-тұғын.

Сания ТОЙКЕН

3 ақпан 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.