ШАХМАТ
Алматы облысының Талғар қаласында ҚР балалар кубогының VI кезеңінде 18-ші халықаралық шахмат фестивалі өтті. Атыраудың намысын әр мектептен 5 жас шахматшы қорғады.
Абсолютті есепте күміс медальды биылғы Азия чемпионы, №1 БЖСМ тәрбиеленушісі Зарина Нұрғалиева (жаттықтырушысы Ж. Амнов) жеңіп алды. 2012 ж.т. және одан кіші жастағы балалар арасында «Вундеркинд» шахмат мектебінің тәрбиеленушісі 6 жасар Рахманберді Әлиасқар (жаттықтырушысы С. Гайсин) қола медальға ие болды.
***
САМБО
Ресейдің Орел қаласында 2002-04 ж.т. туған мектеп оқушылары арасында самбодан әлем чемпионаты өтті. Жарысқа 22 елден екі жүзден астам жас спортшы қатысты. Атырау командасының қоржынына 3 медаль түсті.
«Күміс» - 42 келіге дейінгі салмақта Аңсаған Қазбек (№4 БЖСМ), «қола» - 46 келіге дейінгі салмақта Әділет Хисапов және 55 келіге дейінгі салмақта Мәдениет Құлманов, екеі де №1 БЖСМ-нен. Олардың жаттықтырушылары: Б. Қошқаров, Е. Төлеген, К. Табынбаев.
***
КҮРЕС
«Жас Батыр» спорт кешенінде атыраулық спорт шеберлері Сәбит Сатыбалдиев, Меңдігерей Хайруллин, Мырзабек Атбаев, Анатолий Ли, Владислав Чигрин және Николай Алистратовты еске алуға арналған грек-рим күресінен халықаралық турнир өтті.
Атырау құрамасының сапында өз салмақ дәрежелері бойынша Мирас Қалиев, Асқар Бағытжанов, Сүлейман Мамедов, Игорь Филюшин, Ибрай Ислам, Ермек Ерғанат, Абылай Көпен турнир жеңімпаздары болып танылды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ