№2 емханада ВИЧ/СПИД бойынша психологиялық-әлеуметтік кеңес беру кабинеті ашылды. Алайда, психолог-маман Назгүл ЕСМҰХАНОВАНЫҢ айтуынша, бұл жерден тек кеңес алып қана қоймайсыз, басыңызға қиын сәттер туғанда психологиялық көмектер де ала аласыз екен.
«Жүйелі түрде түсіндіру жұмыстарына қарамастан, көптеген адамдар ол аурулар туралы көп біле бермейді. Олардың көпшілігі бұл сырқат тек нашақорлар мен «коммерциялық секс қызметкерлерінде» ғана болады деген сенімде. Олардың ойына кездейсоқ сұлу бойжеткенмен немесе жігіттермен болған кездесулердің өзі үлкен тәуекелшілдік екендігі кіріп те шықпайды. Әсіресе, қазіргі біздегі халықтың белсенді көшіп-қонуы барысында қауіпті. Тіпті, хирургиялық манипуляциялар жүргізуші, мәселен тіс дәрігерлерінің өздері де жұқтырып алуы мүмкін. Жастарға мен олардың қарапайым ғана төбелестің үстіндегі болған жарақат салдарынан да жұқтырып алуға болатындығын түсіндіремін»,-дейді Н.Есмұханова. Психолог-маманға клиникалық белгілері бар пациенттерді тері-венерология мамандары, егер пациент аяқ астынан қатты жүдеп кеткенде-терапевтер, ал, гинекологтар-жүкті әйелдерді жібереді.
Оның өзінің айтуынша адамдардың көп бөлігі осынау дүрбелеңге толы ғасырда өмір сүріп отырған әрқайсымызға қажет болатын демеу мен көмек болатын кеңес алуға келеді екен. Күн сайын мың сан пациенттерді қабылдайтын дәрігерлердің өздеріне де, мектептегі мұғалімдер және босанғаннан кейінгі күйзеліске түскен әйелдер және басқаларға да кеңесі әзір.
Зульфия ИСКАЛИЕВА