Атырау, 21 желтоқсан 22:10
 ашықВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Спорт жаңалықтары

2 821 просмотра

ТАЭКВАНДО

Түркиядан Атырауға қоныс аударған таеквондошы Жансель Дениз Индонезиядағы Азия ойындарының «күміс» жүлдерегі атанды. Алғашқы айқасында Филиппиннен келген қарсыласын 8:7 есебімен ұтса, келесі айналымда вьетнамдық спортшыны 16:1 есебімен ойсырата ұтты.

Жартылай финалда Жансель өзбек спортшысын 19:3 есебімен жеңіп кетті. Ақтық айқас тең дәрежеде өтті, дегенмен, қорытындысында оңтүстіккореялық таеквондошы 27:21 есебімен басым түсті.

*****

Сербияның Врбас қаласында 2002-2003 ж.т. жасөспірімдер арасында бокстан Балқан елдері, Израиль, Үндістан, Швеция, АҚШ және Қазақстан спортшылары қатысқан «Ұлт кубогы» халықаралық турнирі өтті.

Атырау қаласы олимпиадалық резервті дайындау орталығының тәрбиеленушісі Сабырғали Аманат ҚР құрама командасының құрамында өнер көрсетіп, 80 келіден жоғары салмақта алтын медальды жеңіп алды. 

*****

ДОЙБЫ

Ақтөбеде өткен ел чемпионатында атыраулық дойбышылар 3 медальға қол жеткізді.

Жасөспірімдер тобында Азия чемпионатының жүлдегері Бекарыс Жұмалиев «рапид» категориясы бойынша ҚР чемпионы (партия 7 минут) және «классика» категориясында (40 минут) күміс жүлдегер атанды. Тағы бір «алтынды» «блиц» категориясында (3 минут) Мақсат Утегулов жеңіп алды. Команданың екі мүшесі – Мақсат Утегулов пен облыс құрамасының жаттықтырушысы Еркін Үсенов 9 ұпайдан жинап, ҚР спорт шеберіне үміткер атақтарын дәлелдеді.

*****

МУАЙ-ТАЙ

ҚР құрамасы Таиландта өткен балалар арасындағы әлем чемпионатында керемет өнер көрсетіп, 3 алтын, 3 күміс және 3 қол медаль жеңіп алды. Өзінің үлесін атыраулық «Қайсар» клубының тәрбиеленушісі Алан Юсупов та қосты, ол «қолаға» қол жеткізді.

Бұл оның ең алғашқы әлем чемпионаты, алайда ҚР муай-тай федерациясының жаттықтырушылар штабы келесіде Алан бұдан да жоғары жетістікке жететініне күмән келтірмейді.

*****

ФУТБОЛ

Семейде 2003-2004 ж.т. қыздар арасында «Былғары доп» Ұлттық мектеп лигасы чемпионатының ақтық сайысы өтті.

Атыраудағы №6 мектептің оқушы қыздары Маңғыстау облысының командасын 1:0 есебімен ұтып, Семейдің №18 мектеп командасымен матчта 1:1 есебімен тең түссе, алаң иелерінің тағы бір командасына 0:5 есебімен есе жіберіп алды. Қорытындысында қола медаль бұйырды. Турнирдің ең үздік қорғаушысы болып атыраулық футболшы Акгүл Дүйсебаева танылды.

*****

ДЗЮДО

Қызылордада дзюдодан жастар арасындағы ІІ жазғы ауыл ойындары өтті.

Атырау облысы құрамасының қоржынына 7 медаль бар: «алтын» - 44 келіге дейін Аяна Дүйсенбай, 66 келіге дейін Дінмұхамбет Шаменов, 90 келіге дейін Бекзат Шагатаев, «қола» - 40 келіге дейін Ақбаян Есенбаева, 46 келіге дейін Бекарыс Мұратұлы, 55 келіге дейін Әбілхайыр Ұлықбек, 81 келіге дейін Әділет Сапарғалиев.

Спортшыларды Азамат Тәжіғалиев пен Болат Жұмабаев жаттықтырды.

*****

СПАРТАКИАДАЛАР

Қызылордада өтіп жатқан жастар арасындағы ҚР Жазғы Ауыл Ойындарында таеквондодан Атырау облысының құрамасы тамаша өнер көрсетті.

Команда қоржынына 8 медаль түсті. Алтын медальді Арсен Серік пен Бейбарыс Нұрбаев қанжығаларына байлады. Тельман Бақтияров, Жадыра Хайруллина, Альбина Боранқұлова «күміске» қол жеткізсе, Дария Қайғалиева, Нейли Темірбекқызы, Виктор Рудыкин «қола» медаль иеленді. Балаларды облыстың аға жаттықтырушысы Сәуле Сардарова бастаған жаттықтырушылар тобы дайындады. 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

23 тамыз 2018, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.