Атырау, 11 желтоқсан 12:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Байдалар бақылауға алынды

1 738 просмотра

Бір ай ішінде «Скутер» жедел-алдын алу шарасы басталғанда аймақаралық «Каспий» көлік бақылау инспекциясының қызметкерлері кеме жүргізу ережесі бұзылған 8 фактіні анықтап, осы бойынша 64 720 теңгеге әкімшілік айыппұл салынды. Бұл туралы “Каспий” КБИҚ су көлігін бақылау бөлімінің бастығы Жеңіс ЕСБЕРГЕНОВ хабарлады.

Инспекцияға судан құтқару қызметі басшылығынан кешкі уақыттарда өзенде борттық нөмірі жоқ, жалпы қуаттылығы 400 ат күші болатын екі аспалы моторы бар «Ямаха-200» байдасының пайда болғандығы туралы шағым түсті. Қайық бортында құтқару жейдесінсіз 10 шақты жастар көңіл көтеріпті. Құтқарушылардың қауіпті маневр жасауды тоқтату жөніндегі талаптарына шағын кеменің жүргізушісі еш елең етпеген. Ереже бұзушыға қатысты шара алу өтініші жазылған хатты инспекция облыстық ІІД су полициясының бөліміне (олардың катерлері бар) және табиғат қорғау прокуратурасына (бұлар қатаң жазалай алады) жолдаған.

Өзенді суға кеткен кемелерден тазарту жұмыстары жалғасуда. Өткен жылдың қыркүйегінде «Саренс» фирмасы ақтаулық сүңгуірлермен бірге су түбінен6 балық аулау кемесін шығарды. Ақпанда көлік бақылау инспекциясының арызы бойынша қалалық сот өзен сағасында суға батқан тағы бір кемені иесіз деп тану туралы шешім шығарды. Осыдан кейін инспекторлар су жолдары кәсіпорнына су жолын тазарту қажеттігі туралы хат жолдады. Кеме сол жерде орналасқан еді. 

Ж. Есбергенов кеме сатып алушы тұлғаларға бір ай ішінде оларды есепке қоюға тиіс екендігін ескертті. Тіркеусіз жүзгені үшін заңды тұлғаларға 10 АЕК, жеке тұлғаларға2 АЕК (1АЕК – 1 618 теңге) айыппұл салынады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

18 шілде 2012, 16:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.