Атырау, 23 желтоқсан 05:16
 ашықВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Жекелеген қару түрлеріне бақылау күшейтілді

3 632 просмотра

1-ші қаңтардан бастап азаматтық және қызметтік қаруға бақылау жасау күшейтілді.

Облыстық ІІД лицензиялық рұқсат беру жүйесінің бас инспекторы Талғат УСИЕВТІҢ айтуынша, бұрын арнайы дүкенде кез-келген қалаған адам ала алатын тіпті қарапайым электр шокерлерін сатып алу үшін рұқсат алу керек екен. Бұдан басқа, электр шокерлерін алуға рұқсат алу үшін, сондай-ақ оны сақтауға және алып жүруге рұқсат ету мерзімін ұзарту үшін енді қарсы көрсетілімдер жоқтығы туралы медициналық қорытынды алу қажет. Ол бес жылға беріледі. Ал бұрыннан шокері барлар оны тіркеуге міндетті. «Осыған байланысты ІІМ наурыз айында бұрын сатып алынған электр қаруын ерікті тіркеу бойынша үш айлық акция бастауды жоспарлап отыр, - дейді Т.Усиев. – Маусым айында халықтан тіркелмеген электрошок қаруын алу бойынша «Шокер» акциясы өткізіледі».

Атыс қаруының қожайындарына қатысты да ережелер күшейтілген. Мекен-жайы ауысқан жағдайда қару ішкі істер органдарының есебінен шығарылып, жаңа мекен-жай бойынша есепке қойылуы тиіс. Мұның барлығына он күн уақыт беріледі. Үлгермегендерге әкімшілік жауапкершілік жүктеледі.

Күзет мекемелерінің енді иір ойықты мылтықты сатып алуға және қолдануға құқықтары жоқ. Коллекциялауды қоспағанда, бір адамға тиесілі аңшы қаруы оннан төрт қаруға дейін (иір ойықты мылтық бестен екіге дейін және тегіс оқпанды мылтық бестен екіге дейін) қысқартылған.

Анастасия ПАСТУХОВА

3 ақпан 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.