Атырау, 21 желтоқсан 22:00
 ашықВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Спорт жаңалықтары

2 234 просмотра

ДОЙБЫ

Ақтөбеде өткен ел чемпионатында атыраулық дойбышылар 3 алқа жеңіп алды.

Юниорлар тобында өнер көрсеткен Азия чемпионатының жүлдегері Бекарыс Жұмалиев «рапид» санатында ҚР чемпионы (7 минут партия) және «классика» (40 минут) санатында күміс жүлдегер атанды. «Блиц» санатында (3 минут) тағы бір алтын алқаны Мақсат Өтеғұлов жеңіп алды. Команданың басқа екі мүшесі - Мақсат Өтеғұлов пен облыстық құрама бапкері Еркін Үсенов - 9 ұпайдан жинап, ҚР спорт шеберіне үміткерлер атағын растады.

***



МУАЙ-ТАЙ

Тайландта балалар арасында өткен әлем чемпионатында ҚР құрамасы тамаша жетістіктерге жетіп, 3 алтын, 3 күміс және 3 қола алқа жеңіп алды. «Қайсар» Атырау спорт клубының шәкірті Алан Юсупов қола алқа жеңіп алып, бұл табысқа өз үлестерін қосты.

Бұл оның бірінші әлем чемпионаты, бірақ ҚР Муай-тай федерациясының жаттықтырушылар штабы келесі жолы Аланның жоғары сынамадағы алқаға қол жеткізетініне күмәнданбайды.

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

16 тамыз 2018, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.