Атырау, 26 сәуір 22:35
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Әкім орынбасары мен құрылыс бөлімінің басшысы бірдей пара алып, түрлі жазаланды

3 222 просмотра


Мақат аудандық соты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері биылғы қаңтар айында ұстаған Мақат ауданы әкімінің бұрынғы орынбасары Жақсылық МҮСЕПОВКЕ және аудандық құрылыс бөлімінің бастығы Құралбек АДАМБАЕВҚА қатысты үкім шығарды. Екеуі де құрылыс мердігерінен 500 мың теңге көлемінде пара алды деп айыпталған болатын.

Әкім орынбасары Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-тармағының 1-, 2-тармақшалары (Қорқытып алу жолымен адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен пара алу) бойынша кінәлі деп танылып, орта қауіпсіздік мекемесінде 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Ол сот залында қамауға алынды, өйткені тергеу барысында басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен жүрген болатын.

Құрылыс бөлімінің бастығы 366-баптың сол тармақшалары бойынша кінәлі деп танылып, оған параның 70 есе көлемінде - 35 миллион теңге айыппұл тағайындалды.

Мүсeпов апелляциялық шағым берді, бірақ үкім өзгеріссіз сол күйінде қалды. Үкімдер заңды күшіне енді.

Фархат ӘБІЛОВ

13 тамыз 2018, 15:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.