Жақында Атырауда грек-рим күресінен екі дүркін әлем және Еуропа чемпионы, 1992 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Сергей ДЕМЯШКЕВИЧ мастер-класс өткізді. Туған жері Беларуссияға ұшар алдында «АЖ» тілшісі онымен қысқаша ғана тілдескен болатын.
- Грек-рим күресіне қалай келдіңіз?
- Өте оңай. 10 жасымда әкем мені қандай болса да спорт секциясына жіберуге шешім қабылдады. Ал үйге ең жақыны классикалық күрес секциясы болып шықты. Міне, чемпиондар осылай туады! (күледі). Алғашқы жаттықтырушыма шеберлік мектебі мен өмір мектебінде шыңдағаны үшін әлі күнге дейін ризамын. Қалжырататын осынау жаттығулардан әлденеше рет бас тартқым келді, бірақ ол мұның маған қажет екенін, мұның өмірлік екенін сендіре білді. Солай болды да.
- Спорт сізге не берді?
- Бәрін десем болады. Жас кезінде біреулер еңбек етсе, біреулер оқуға ден қояды. Ал мен ынталана жаттықтым, сайыстарға көп шықтым. Спорт маған шыдамдылықты, сәтсіздікті бастан өткеріп, әрі қарай қадам басуға үйретті. Бұл, кейінірек бизнеспен айналыса бастаған кезде қажетіме жарады.
- Сіздің Қазақстанға жиі келетініңізді білемін. Бұл жерде грек-рим күресісі қаншалықты дамыған?
- Жаман емес. Совет дәуірінен бері Қазақстаннан көп чемпион шықты. Бұл тамыры өткен ғасырларға жайылған ерекше күрес мектебіне де байланысты шығар деп ойлаймын. Ең бастысы, жақсы жаттықтырушылар бар. Алыстан іздемей-ақ қояйын, Қазақстанға еңбек сіңірген жаттықтырушысы Рашид МУСИН – қаншама керемет палуандарды тәрбиелеп шығарды, Құдай қаласа, әлі де тәрбиелейтіні қаншама! Ал Беларуссияда қазір күрес кең таралмаған, көбінесе хоккейге, футболға, тенниске... қызығушылық танытады.
Фархат ӘБІЛОВ
Суретті түсірген автор