Атырау, 22 қараша 04:47
 бұлттыВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Тағы да екі отбасы газбен уланып қалды

2 960 просмотра

Облыстың елді мекендерінде жаппай улану фактілері бірінен соң бірі тіркелуде.

26 қаңтар күні Жылыой ауданының Жаңақорған поселкесінде жеке үйде тұратын алты адам газдан уланып қалды. Алдын ала жасалған болжам бойынша ТЖ табиғи газбен жағылатын пеш қондырғысының ақаулығынан болған екен. Зардап шеккендердің үшеуі ауруханаға жеткізіліп, қалғандарына, оның ішінде бір жастағы бала да бар алғашқы дәрігерлік көмек көрсетілген.

ІІД баспасөз хатшысы Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, 29 қаңтарда Томарлы поселкесінде улы газбен тағы бір отбасы уланып қалған көрінеді. Отбасындағы алты адамға көрсетілген дәрігерлік көмектен соң олардың барлығы да үйлеріне қайтарылған.

Лев ГУЗИКОВ

3 ақпан 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.