Атырау, 29 наурыз 18:48
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Қазақстандықтар көп шағымданатын банктер белгілі болды

2 086 просмотра


Банктерге салынған айыппұлдың жалпы сомасы 17 миллион теңгеден асып түсті. Ұлттық банк 2018 жылдың екінші тоқсанында екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың іс-әрекеттерінде анықталған бұзушылықтар туралы хабарлайды. 

Ұлттық банктің хабарлауынша, анықталған бұзушылықтардың қорытындысы бойынша екінші деңгейдегі банктерге қатысты 64 санкция және шектеулі ықпал ету шарасы қолданылған. Оның ішінде 24  санкция айыппұлдар салу және өндіріп алу түрінде, 40 шектеулі ықпал ету шарасы, оның ішінде 37 жазбаша ұйғарым және 3 жазбаша ескерту. 

Жүргізілген талдау нәтижелері банктердің көптеген жағдайда Қазақстанның банк заңнамасында, сондай-ақ Ұлттық банктің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген банктік қарыз шартына қызмет көрсету, төлемдер мен ақша аударымдары, банктік шоттарға қызмет көрсету, тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Ұлттық банкпен өзара іс-әрекетке байланысты талаптарды сақтамайтынын көрсеткен. 

2018 жылдың екінші тоқсанында банктердің арасында қаржылық қызметтерді тұтынушылардың өтініштері мен шағымдарын қарау нәтижелері бойынша ең көп бұзушылыққа жол берген банктер  — Qazaq Banki, Астана банкі, Сбербанк России, АТФ Банк және ForteBank. 

Жалпы, осы уақытта банктерге салынған айыппұлдың жалпы сомасы 17 миллион 900 мың теңгеден асып түсті, оның ішінде: Qazaq Banki —  3 млн. 843 мың теңге; Астана Банкі  — 1 млн. 971 мың теңге; Эксимбанк Қазақстан — 9 млн. 620 мың теңге; АТФ Банк — 1 млн. 563 мың теңге; Нұр Банк — 962 мың теңге. 

Дереккөз: sputniknews.kz

19 шілде 2018, 09:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.