Атырау, 4 маусым 10:56
 дождьВ Атырау +15.1
$ 489.31
€ 568.33
₽ 6.63

Қазақстандықтар үйінде қанша қаражат сақтай алады?

1 770 рет қаралды


2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бүкіл қазақстандық кірістер мен шығыстар декларациясын толтыруға міндеттеледі. Қазақстанның қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Мәди Тәкиев азаматтардың үйде қанша қаражат сақтауға құқығы барын айтты.

"Үйлеріңізде қолма-қол қанша қаражат барын көрсетесіз. Бірақ сома 12 миллион теңгеден асатын болса, банктен шот ашып, қаражатыңызды сонда сақтауға тиіссіз", — деп атап өтті Тәкиев үкіметтегі баспасөз мәслихатында.

2020 жылға қарай 12 миллион 900 мың қазақстандық декларациясын ұсынады: 7,4 миллион қала тұрғыны және 5,5 миллион ауыл тұрғыны. 

Қашан және қалай есеп беру қажеттігін аудиофайлдан тыңдаңыз.

Дереккөз: sputniknews.kz

18 шілде 2018, 17:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.