Атырау, 10 мамыр 02:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Көпбалалы өрт сөндірушіні Назарбаев берген пәтерден қуып жатыр

1 995 просмотра


Ерлі-зайыптылар төрт баласымен далада қалуы мүмкін – Нұрқайдаровтарға пәтерді босатуға 10 күн берілген. Төрт баласы бар бұрынғы өрт сөндірушіні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев берген пәтерден шығарып жатыр. Нұрқайдаровтар отбасы 10 күн ішінде баспананы босатуы тиіс, деп хабарлайды КТК.

Тез арада босатуы тиіс пәтердің кілтін Қайыржан Нұрқайдаровқа мемлекет басшысы тоғыз жыл бұрын қалтқысыз қызметі үшін ұсынған еді. Қиындықтар 2013 жылы басталған: отағасыны басқа бір нысанда қызмет істеп қосымша қаражат тапқаны үшін жұмыстан шығарып жіберіпті.

Қайыржан Нұрқайдаров мемлекетті алдадым деп санамайды: қарапайым өрт сөндірушіге отбасын асырау үшін қосымша күнкөріс көзі ауадай қажет еді.

Сол кезде ресми жалақысы 55 мың теңге болған. ЖЭС-та инструктор болып істеп, тағы 35 мың теңге алып жүріпті.

Өрт сөндірушілердің жалақысы артса да, Нұрқайдаров қосымша еңбегін тастамайды. Ақыры соңында, өзі сияқты әріптестерімен бірге жұмыстан шығарып жіберген. Көпжылдық еңбегі мен өтілі де ескерілмеді.

Проблема жұмыстан қуылған соң басталады. Жалға алу шарты бойынша берілген пәтер үшін банк ақша алмай қойыпты. Бірақ Нұрқайдаровтар отбасы баспанасынан айырылмайды деп сендірген. Содан соң Төтенше жағдайлар министрлігінің функциясын ІІМ-не өткізіп, жеке комитет ашылады. Ер адамның айтуынша, мәселе сол көзде туындаған. Пәтер ішкі істер министрлігінің балансында болып шықты.

"Біреу есік қақты. Ашсам, екі полицей келіп тұр екен. "Қайыржан Ш. сізсіз бе?", — деп сұрады.

— Иә.

— Зейнеттесіз бе?

— Жоқ.

— Жұмыстан шығарылдыңыз ба?

— Иә. 

— Бізде тұрғын үй комиссиясы бар, сіздің пәтеріңіз ІІМ балансында.

Біз пәтердің төрт жылдан бері ІІМ балансында екенін білдік. Ешкім бір ауыз ескертпеген", — дейді Қайыржан Нұрқайдаров.

Отбасының барар жері жоқ. Ер адамның айтуынша, қазір еңбекақысы 55 мың теңге. ІММ ресми түсініктеме әлі бермеді.

Дереккөз: sputniknews.kz

13 шілде 2018, 12:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.