Атырау, 23 желтоқсан 07:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Қазақстанда билер сотын жандандыру ұсынылды

1 607 рет қаралды


Жоғарғы сот төрағасының кеңесшісі Сағатбек Сүлеймен республикада билер сотын жандандыруды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Мұндай пікір ведомствоның кеңейтілген жиналысында айтылды.  

"Дауды азайтудың тиімді жолы билер сотын жандандыру. Бұл мәселе күн тәртібіне сұранып-ақ тұр. Сот төрағалары билер сотын енгізу мәселесін қарастыруы керек. Әрбір елді мекенде құрметті, абыройлы азаматтар бар. Оларды дайындап, медиация курстарында оқытып, би мәртебесін беру қажет. Олар бюрократиясыз, сотсыз, сөздің күшімен-ақ қақтығысты шешіп, тараптарды ортақ шешімге келтіре алады. Сонда қоғамда дау азайып, сотқа түсіріп отырған ауырлықты жеңілдетер еді", - деп пікір білдірді Сағатбек Сүлеймен. 

"Бабаларымыздың блер соты сияқты мұрасын қайта жандандыруымыз керек деп ойлаймын. Құрметті сот төрағалары, бұл мәселенің шешім жолы өз қолдарыңызда", - деді ол Жоғарғы сот төрағасының кеңесшісі сот корпусына.

Дереккөз: tengrinews.kz

13 шілде 2018, 12:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.