Атырау, 23 желтоқсан 07:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Ақтөбе облыстық ІІД басшысының орынбасары ақша жымқырды деген күдікке ілінді

1 965 рет қаралды


Ақтөбе облыстық Ішкі істер департаменті басшысының орынбасары бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл туралы Астанада өткен брифинг барысында Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахин айтты. 

"Тергеу мәліметінше, 2016-2017 жылдар аралығында Ақтөбе облыстық ІІД өкілі Аңшыбаев пен ЖШС арасында бірнеше нысанға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша келісімшарттар жасалған. Құрылыс-экономикалық сараптамалардың нәтижесі атқарылмаған жұмыстарға төленген ақшаның жалпы сомасы 12 миллион теңгеге жеткенін көрсетті", - деп хабарлады Жахин. 

Ресми мәліметтерге қарағанда, сараптама шығын сомасын растады. 

"Аңшыбаев пен басқа да тұлғаларға қатысты бес қылмыстық іс тіркелді. Аңшыбаевқа қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу туралы шешім шықты", - деді Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі.

Дереккөз: tengrinews.kz

12 шілде 2018, 14:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.