Атырау, 23 желтоқсан 07:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Әлем чемпионатына барар жолда қазақстандық блогер жол апатынан қаза тапты

2 015 рет қаралды


Әлем Чемпионатына бара жатқан жолда қазқастандық видеоблогер Stence лақапатымен танымал Сұңқар Қилаж  әкесімен және бауырымен бірге қаза тапты, - деп хабарлайды URA.RU ақпарттық порталы. 

Жігіт пен оның әкесі және бөле ағасы жантүршігерлік жол көлік апатына ұшараған. Бұл оқиға Челябі облысының Сим қаласына жақын жерде болған. Жеңіл автөкөлік қарсы жолда келе жатқан көлікпен соқтығысып, екі автокөлік те оқиға орынында жанып кетті. Үшеуі де оқиға орнында қайтыс болды.   

Қайғылы оқиға 6 шілдеде болған. Бірақ тек қазір автокөлік ішінде кім болғаны анықталды. Сұңқар Қилаж YouTube арнасында Stence Show арнасында компьютерлық видеоойындар мен онлайн ойындардың видеоларын жариялайтын. Оған қоса "ВКонтакте" әлеуметтік желісінде Stence page парақшасында әзілге арналған паблигін жүргізген. Блогердің қазасы туралы ақпаратты Stence page парқшасы мен Сұңқарға арналған арнайы топта естіртті. Жігіт 9 шілдеде Петропавлда жерленген. 

"Біз Сұңқардың жақындарына сабыр тілейміз. Сұңқар әрдайым күлімсіреп, жанында жүрген адамдарға шаттық сыйлайтын және адал бос болған еді" , - деп жазды блогердің таныстары.

Дереккөз: tengrinews.kz

12 шілде 2018, 09:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.