Атырау, 12 қараша 11:16
 дождьВ Атырау +3.9
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37

​Назарбаев Қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқару құқығына ие болды

2 039 рет қаралды


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқару құқығына ие болды. Бұл заң "Казахстанская правда" газетінде жарияланып, өз күшіне енді, - деп хабарлайды РИА Новости. 

Айта кетейік, биыл 5 шілдеде парламент мүшелері осы заңды мақұлдап, Мемлекет басшысы заңға қол қойған болатын. Қазақстанның Конституциялық кеңесі құжатты Конституцияға сәйкес деп таныды. "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасына өмір бойы Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болу құқығы берілді", - делінген жарияланған заңда.

Дереккөз: tengrinews.kz

12 шілде 2018, 09:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.