Атырау, 23 желтоқсан 07:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Түркістанның бас жоспарын әзірлеуге халықаралық конкурс жарияланды

1 722 рет қаралды


Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту бойынша бас жоспар тұжырымдамасын әзірлеу конкурсын ұйымдастыру және өткізу бойынша комиссия Түркістан облысының әкімдігімен бірлесе отырып, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 702 Жарлығының 4 тармақ 2) тармақшасына сәйкес, түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде Түркістан қаласын дамыту бойынша бас жоспардың ең үздік тұжырымдамасын әзірлеуге ашық халықаралық конкурс жариялайды.

Аталған конкурстың мақсаты түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде Түркістан қаласының бас жоспарының Тұжырымдамасының сәулет-қала құрылысы шешімдерін алуға негізделеді, мұнда облыс орталығы ретінде Түркістан қаласының ұзақ мерзімді аумақтық дамуы, мәдени-тарихи мұрасының сақталуы бойынша сапалы шешімдер ұсынылатын болады. 

Конкурсты өткізу мерзімі: 2018 жылғы 11 шілдеден бастап 11 тамыз аралығы. Конкурсқа ұсынылған жобалар көрмесі Түркістан қаласында 15-20 тамыз аралығында өтеді. Конкурстың жүлде қоры (салықтарды қоспағанда) 40,0 млн теңгені құрайды, оның ішінде: - 1 орын – 25 млн теңге; - 2 орын – 10 млн теңге; - 3 орын – 5 млн теңге. Конкурсты ұйымдастырушылар: комиссия және Түркістан облысының әкімдігі Конкурс сайты: Turkestangenplan.kz Конкурсқа кәсіби сәулетшілер және қала құрылысын жүзеге асыру мамандары (жеке және заңды тұлғалар) қатыса алады.

Дереккөз: 24.kz

11 шілде 2018, 14:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.