Атырау, 2 мамыр 12:14
 ашықВ Атырау +24
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Қазақстандықтар ХҚКО-да мемлекеттік қызметтерді саусақ іздерімен ала алады

2 141 просмотра


Шілде айында Қазақстанда жаңа пилоттық жоба іске қосылады. Жоба аясында азаматтар саусақ іздерін және бет-әлпетін сканерлеу арқылы мемлекеттік қызмет түрлерін алуға мүмкіндік беріледі. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Біз осы жылдың шілде айында биометрия қызметін іске қосамыз. Аталған қызмет азаматтарға олардың қалауы бойынша көрсетіледі. Биометрия қызметінде сурет (азаматтың фотосы – автор) және саусақ іздері сынды екі параметр болады. Азаматтар аталған параметрдің көмегімен электронды үкімет порталына және мобильді қосымша арқылы авторизация жасай алады», - деді төраға журналистерге.

Осы орайда Абылайхан Оспанов биометриялық мәліметтер құпияда сақталатынын атап өтті.

«Түрлі мемлекеттік органдарда сақталған жеке мәліметтер сияқты оларда жеке мәлімет ретінде сақталады. Ол электронды үкіметтің ішкі инфрақұрылымында қосымша параметр ретінде енгізіледі. (Биометриялық ақпараттар – автор) базалық мәліметтер ретінде қорғалады. Бұл пилоттық жоба ретінде жүзеге асады», - деп түйіндеді сөзін төраға.

Дереккөз: Baq.kz

10 шілде 2018, 16:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.