Атырау, 23 желтоқсан 07:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Сағынтаев "іскер" министрлердің әрекетін қалжыңға айналдырды

1 920 рет қаралды


Енді көмір мәселесіне инвестициялар және даму министрлігі жауапты болады. Үкімет отырысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев "іскер" министрлер туралы қалжыңдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Үкімет отырысында Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов министрлерге көмірді қазірден бастап шығара беруді ұсынды.

"Тағы бір мәселе – көмір. Былтырғы жылғы жағдай қайталанбас үшін биыл Шұбаркөл разрезінде көмір жеткілікті. Біз басқа облыстармен бірігіп, кестесін жасадық. Сондықтан әріптестеріме өтінішім, сол кесте бойынша қазірден бастап көмірді шығара берген дұрыс болады", — деді Қошанов. 

Үкімет басшысы энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа мәселені бақылауға алуды тапсырды. 

"Құрметті Бақытжан Әбдірұлы, осы айдан бастап бұл мәселемен басқа министрлік айналысады", — деді Бозымбаев. 

Сағынтаев көмір мәселесіне енді инвестициялар және даму министрлігі жауапты екенін нақтылады. 

"Қайырбек Айтбайұлы (инвестициялар және даму вице-министрі – ред. ескертп.), сізге ысырып тастапты ғой", — деп күлді премьер. 

"Іскер министрлер солай жұмыс істейді. Пайдасыз нәрсені шығарады, пайдалысын қалдырады", — деп қалжыңдады Сағынтаев.

Дереккөз: sputniknews.kz

10 шілде 2018, 16:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.