Атырау, 23 желтоқсан 07:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Сағынтаев "7-20-5" бағдарламасына қатысты Ұлттық банкке тапсырма берді

2 162 рет қаралды


Жаңа ипотекалық бағдарлама өткен айдың басында іске қосылды. ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышевке "7-20-25" бағдарламасы туралы халыққа ақпарат беріп отыруды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Айта кетсек, мемлекет басшысы ұсынған "7-20-25" бағдарламасы маусым айының басында іске қосылды. Бағдарлама шартына сәйкес, бастапқы жарна – 20 процент, жылдық сыйақы мөлшерлемесі 7 проценттен аспайды, ал ипотекалық несие 25 жылға беріледі. 

"Бағдарлама нысаналы мемлекеттік қаржыландыруды талап етпейді және қор нарығында ұзақ мерзімді ресурстарды тарту есебінен жүзеге асырылады. Бағдарлама аясында алғашқы қарыздар беріле бастады", — деді ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев үкімет отырысында. 

Үкімет басшысы Ақышевке БАҚ-қа ипотекалық несиелер туралы ақпаратты ұсынып отыруды тапсырды.

"Алғашқы кезеңде бұқаралық ақпарат құралдарына қажетті мәліметті беріп отыруыңызды сұраймын. Өйткені бәрі бағдарламаның қалай жүріп жатқанын қарап отыр", — деді Сағынтаев.

Дереккөз: sputniknews.kz

10 шілде 2018, 15:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.