Атырау, 2 мамыр 17:47
 ашықВ Атырау +17
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

​Балаларды шетелге алып шығу үшін не істеу керек

1 247 просмотра


Ақтөбеде жазғы демалыс кезінде балаларымен шетелге баратын отбасылар саны артады. Полицияда балаларға шетелге шығу құжаттарын рәсімдеу ережелері туралы айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шетелге балалармен шығатын кезде азаматтар төлқұжаттарымен халыққа қызмет көрсету орталықтарына баруы керек. Ол жерде төлқұжаттарға 16 жасқа дейінгі балалардың суреттерін жабыстырып береді. Азаматтар төлқұжаттың түпнұсқасын, балалардың туу туралы куәліктері мен 3,4*4,5 суреттерін, сондай-ақ мемлекеттік баж салығын төлеуі қажет. Қырғызстанға рәсімдеу басқаша жүргізіледі. ХҚО-да тегін берілетін қосымша анықтама қағазын рәсімдеу керек», - деп түсіндірді ІІД баспасөз хатшысы Ерболат Сарқұлов.

Шетелге шығу құжаттарын рәсімдеу 2 күн уақыт алады. Сондықтан, демалысты жоспарлау кезінде осыны ескеру қажет, деді полицияда. 

Дереккөз: inform.kz

10 шілде 2018, 10:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.