Атырау, 2 мамыр 06:35
 ашықВ Атырау +20
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

​Қазақстандықтар 29 миллиард теңге шамасында қосымша еңбекақы алады

1 237 просмотра


Жалпы республика бойынша жұмысшылар 29 миллиард теңге шамасында қосымша еңбекақы алатын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық экономика министрлігінің сайтына сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту туралы екінші бастама бекітілген.  

"Ағымдағы жылғы 5 наурызда Мемлекет басшысы Бес әлеуметтік бастамасын жариялады. Айтылған шаралар халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Ұлттық экономика министрлігіне екінші бағыт бекітілген: "Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту", - делінген министрліктің хабарламасында. 

Екінші бастамаға сәйкес, жалақысы 25 айлық есептік көрсеткіш немесе 60 125 (алпыс мың бір жүз жиырма бес) теңгеден төмен жұмысшылар үшін жеке табыс салығының мөлшерлемесін 10 есе төмендету ұсынылады екен. Жалпы республикада мұндай еңбекақыны 2 миллионнан аса адам алады. Негізінен, бұл ауыл шаруашылығы мен саудада. 

"Бұл бастаманы іске асыру мақсатында мемлекеттік органдармен және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлескен жұмыс жүргізілді. Жұмыс нәтижесі бойынша жалақысы төмен жұмысшылардың жеке табыс салығын төмендетудің оңтайлы тетігі айқындалды. Мәселен, салық салынатын табыс 90 пайызға азайтылатын болады. Қалған еңбекақыға 10 пайыз мөлшерлемемен жеке табыс салығы салынатын болады. Яғни, салық жүктемесі 10 есеге төмендейді. 2018 жылғы қарапайым мысал арқылы ЖТС ұсынылған есептеуді қарастырамыз", - дейді министрлік өкілдері.

Дереккөз: tengrinews.kz

10 шілде 2018, 09:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.